ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ресей мен Украина арасында тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш салып жатыр
Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның тараптардың тікелей байланыс орнатуын жеңілдететін дипломатиялық бастамаларға үлес қосуға дайын екенін атап өтті.
Түркия Ресей мен Украина арасында тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш салып жатыр
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин / Reuters

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинге Анкараның Ресей-Украина соғысының әділ әрі түбегейлі  аяқталуына үлес қосу үшін күш-жігерін жалғастыратынын айтты.

Түркия Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының мәліметінше, Ердоған мен Путин дүйсенбі күні телефон әңгімесі барысында Ресей-Украина соғысын, сондай-ақ аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылаған.

Ердоған Анкараның тараптар арасында тікелей байланыс орнатуды жеңілдететін дипломатиялық бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтіп, мұның тұрақты бейбітшілікке негіз болатынын жеткізді.

Жексенбі күні «G20» көшбасшыларының саммиті аясында журналистерге сөйлеген сөзінде Ердоған Түркияның Таяу Шығыстан Африка мен Украинаға дейінгі қақтығыс аймақтарында халықаралық бейбітшілікке үлес қоса беретінін айтып, жаһандық дағдарыстарды шешуде Анкараның маңызды актер екеніне назар аударды.

Саммитте Ердоған Қаратеңіз астық бастамасын қайта жандандыру мәселесін талқылау үшін Ресей басшысымен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеп, «Астық дәлізіне қатысты біздің күш-жігеріміз шын мәнінде бейбітшілікке жол ашуға бағытталған еді. Бұл үдерісті қайта бастай алсақ, өте пайдалы болады деп ойлаймын», - деді.

Ердоған Түркияның қақтығысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын, барлық мүмкіндікті қарастыратынын айтып, «Тағы да қаншама адам қаза тапты. Бұл өлімдерді тоқтату үшін не істей аламыз, мұны өзімен (Путинмен) талқылаймын. Ал осы келісімнен кейін нәтижені еуропалықтармен, Трамп мырзамен және басқа да достарымызбен талқылаймыз деп ойлаймын», - деді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?