САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венесуэлада 400-ден астам сотталушы  босатылды
Бір құқық қорғау ұйымы босатылғандар санының әлдеқайда аз екенін, яғни 60 -70 адам шамасында екенін айтты.
Венесуэлада 400-ден астам сотталушы  босатылды
Венесуэлада 400-ден астам сотталушы босатылды / Reuters

Венесуэланың Ұлттық Ассамблея төрағасы Хорхе Родригес өткен аптада жарияланған үдеріс аясында 400-ден астам адамның түрмеден босатылғанын мәлімдеді.

Құқық қорғау ұйымдары бар болғаны 60-70 адамның  босатылғанына, үдерістің баяу жүруіне және ақпараттың жеткіліксіздігіне шағымдануда.

Дүйсенбі күні Венесуэланың пенитенциарлық мекемелерге жауапты органы 116 адамның қамаудан босатылғанын хабарлады.

Қамаудағыларға құқықтық көмек көрсететін жергілікті үкіметтік емес ұйым «Foro Penal» жыл басында түрмелерде кемінде 800 саяси тұтқын болғанын мәлімдеді. Ал үкімет елде саяси тұтқын жоқ екенін, ұсталғандардың барлығы заңды айыптаулармен жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

Бейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесетін оппозиция жетекшісі, әрі Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Мария Корина Мачадо ˗ тұтқындарды, оның ішінде өзіне жақын одақтастарын босатуды талап етіп жүрген тұлғалардың бірі.

Іздеу
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»