ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркияда Республика күніне орай ел көлемінде көптеген мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр.
Түркия Республика күнін тойлауда
Түркия Республика күнін тойлауда

Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуы ел астанасы Анкарада өткен ресми рәсімдермен және елдің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған түрлі мерекелік шаралармен атап өтілуде.

Анкарадағы мерекелік іс-шаралар президент Режеп Тайып Ердоған мен жоғары лауазымды мемлекет өкілдерінің Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген Анытқабір мемориалдық кешеніне баруымен басталды.

1923 жылғы 29 қазанда Түркия Республикасының жарияланғанына 103 жыл толуына орай президент Режеп Тайып Ердоған елдің қорғаныс, энергетика, көлік және дипломатия салаларында қол жеткізген жетістіктеріне назар аударды.

Әділет министрі Акын Гүрлек президент Ердоғанның басшылығымен 2053 және 2071 жылдарға арналған мақсаттарға қол жеткізу бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ол осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерді одан әрі арттыруды көздейтіндерін айтты.

Ал Ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчели партиясының Республика мұрасын «Түркия ғасырына» жеткізуге ниетті екенін атап өтті.

Түркия Ұлттық барлау ұйымының  басшысы Ибрахим Калын Республика ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен ортақ болашағының символы екенін атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық барлау ұйымының ел қауіпсіздігі мен егемендігін қорғау жолындағы жұмысын жалғастыратынын жеткізді.

Түркияның 81 аймағында Республика күні тойлануда

Түркияда Республика күніне орай ел көлемінде көптеген мерекелік іс-шара ұйымдастырылып жатыр.

Анталияда 9–20 қараша аралығында өтетін «COP31» климат саммиті қарсаңында 29 қазан мен 1 қараша аралығында Түркияның 81 аймағында «Түркия велосипед тебеді» атты іс-шаралар өткізіледі. Бұл шараларға кәсіби спортшылар, велосипед клубтарының мүшелері, оқушылар, отбасылар және велосипед тебуді ұнататын барлық азамат қатыса алады. Іс-шаралардың мақсаты – велосипедті экологиялық таза әрі тұрақты көлік құралы ретінде кеңінен насихаттау және климаттың өзгеруі туралы қоғамның хабардарлығын арттыру.

Сондай-ақ Түркия Республикасының 103 жылдығына орай қатысушылар тарихи Тәуелсіздік жолын атпен жүріп өтуде. Ат спорты және мәдениет қауымдастығы үшінші рет ұйымдастырып отырған бұл іс-шара Түркияның ұлт-азаттық соғысы кезінде Инеболу портынан Анадолыға қару-жарақ пен оқ-дәрі тасымалданған 95 шақырымдық тарихи жол бойында өтуде.

Екі күнге созылатын бұл сапарға Түркияның түрлі аймағынан 45 шабандоз қатысып жатыр.

Ал Османгази көпірінде ұйымдастырылған «Османгази – Түркия ғасыры» марафонына шамамен 6 мың адам қатыспақ. Жарысқа 8 мыңға жуық өтінім түсіп, 19 елдің спортшылары тіркелген.

29 қазанда алғаш рет ұйымдастырылған жарыс аясында кәсіби спортшылар 10 шақырымдық қашықтықта бақ сынаса, көпшілікке арналған 5 шақырымдық жүгіру жарысы да өткізіледі.

Коджаели қалалық муниципалитетінің басшысы Тахир Бүйүкакын Республика күніне орай түрлі буын өкілдерін біріктіретін бұл іс-шараны жыл сайын өткізілетін дәстүрлі іс-шараға айналдыруды көздейтіндерін айтты.

Чорумда тұрғындар ұзындығы 103 метр болатын Түркия туын көтеріп, мерекелік шеру өткізді.

Ал Диярбакырда оқушылар Сур ауданындағы тарихи Ишкаледе аумағы 54 шаршы метр болатын Түркия туын желбіретті. Мыңдаған жылдық тарихы бар қала қамалдары мен көне тас құрылыстарының арасында өткен шараға  Ұлттық білім басқармасы жетекшілік етті. Оқушылар дайындаған арнайы қойылым ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы әуеден түсірілді.

Іздеу
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Емине Ердоған Имам Бұхари кесенесіне барды
Францияда қарулы шабуылдан бір адам қаза тапты
Кремль: «Украинамен келіссөздер қарашада Әбу-Дабиде өтеді деп жоспарланып отыр»
Иранда су тасқынынан екі адам қаза тапты
Ильхам Әлиев Үндістан Сыртқы істер министрін қабылдады
Түркия президенті халықаралық саясаттағы сенім дағдарысына назар аударды
Солтүстік Корея Оңтүстік Кореямен шекараға 960 мың мина орнатқан деген ақпарат тарады
Израиль күштері екі палестиналықты өлтірді
Францияда наразылық шерулеріне шектеу қойылады
Албанияда студенттердің наразылық шерулері жалғасып жатыр
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты