САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Түркия бастаған 7 ел Израильдің палестиналықтарды күштеп көшіру жоспарын айыптады
Түркия және 7 ел Израильдің әсіре оңшыл Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир мен Қорғаныс министрі Исраэль Кацтың Газа секторындағы палестиналықтарды қоныс аударуға мәжбүрлеуге қатысты мәлімдемелерін қатаң айыптады.
Түркия бастаған 7 ел Израильдің палестиналықтарды күштеп көшіру жоспарын айыптады
Қоныс аударуға мәжбүр болған палестиналықтар Хан-Юнустағы «Рафах» шекара өткелі арқылы Газадан Мысырға өтуге дайындалуда / AFP

Түркия, Мысыр, Индонезия, Иордания, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) сыртқы істер министрлері Бен-Гвир мен Кацтың палестиналықтарды күштеп көшіруге қатысты мәлімдемелеріне байланысты бірлескен мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде министрлер екі израильдік лауазымды тұлғаның Газа секторындағы палестиналықтарды көшіруге қатысты айтқан сөздерін, соның ішінде палестиналықтарды өз жерінен күштеп шығаруды көздейтін ұсыныстарын қатаң айыптағаны айтылды.

Министрлер мұндай арандатушы мәлімдемелер мен ұсыныстардың халықаралық құқық қағидаттарын, соның ішінде халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын өрескел бұзатынын және Палестина халқының заңды құқықтарына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті.

Сондай-ақ олар қандай да бір сылтаумен немесе себеппен Палестина халқын басып алынған Палестина аумағының ішінде немесе одан тыс жерлерге күштеп көшіруге бағытталған кез келген бастама мен жоспарды үзілді-кесілді қабылдамайтынын және айыптайтынын мәлімдеді.

Министрлер палестиналықтарды күштеп көшіруге үндейтін мәлімдемелер олардың өз жерінен біржола кетуіне бағытталған саясатқа айналған жағдайда оның ауыр салдары болатынын ескертті.

Олардың айтуынша, мұндай әрекеттер күштеп қоныс аударуға үзілді-кесілді қарсы болатын АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа жоспарын қоса алғанда, бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық күш-жігерге тікелей кедергі келтіреді және өңірдегі тұрақтылыққа елеулі қауіп төндіреді.

«Палестина халқының заңды құқықтарына нұқсан келтіруді көздейтін кез келген бастамаға қарсымыз»

Министрлер Газа секторының басып алынған Палестина аумағының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, Шығыс Иерусалимді қоса алғанда Газа секторы мен Батыс Шериядағы Палестина жерлерінің аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Олар әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы екі мемлекет қағидатына негізделген шешімді жүзеге асыру екенін мәлімдеді. Сондай-ақ халықаралық құқықтық шешімдерге сәйкес, 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құру қажеттігін атап өтті.

Министрлер халықаралық қауымдастықты, әсіресе БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін, өз міндеттерін орындауға, басып алынған Палестина аумағында жаңа демографиялық жағдай қалыптастыруға бағытталған кез келген әрекетке қарсы тұруға және халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.

Сонымен қатар министрлер Палестина халқының өз жерінде табандылық танытып, күресін жалғастыруына толық қолдау білдіретіндерін және Палестина мәселесін жоюға немесе Палестина халқының заңды құқықтарына нұқсан келтіруге бағытталған кез келген әрекетті қабылдамайтындарын мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ