САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп АҚШ медиасын қорқытты
АҚШ президенті "ABC" және "NBC" арналарынан хабар тарату лицензияларын алып тастауды «толық қолдайтынын» айтты.
Трамп АҚШ медиасын қорқытты
Трамп БАҚ-ты "демократтар партиясының құралы" деп атап, олардың лицензияларын FCC тартып алуы керек деді. / AA

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні ірі теледидар желілерін “біржақты ақпарат таратуда” деп айыптап, олардың хабар тарату лицензияларын алып тастау керектігін айтты.

Өзіне тиесілі “Truth Social” атты әлеуметтік желіде жазған жазбасында Трамп “ABC” және “NBC” арналары президенттік қызметімді теріс бағытта көрсететін ақпараттар таратады” деп мәлімдеді.

“Президенттік тарихтағы ең табысты 8 айдың бірі деп саналған, жоғары танымалдылыққа ие болсам да, “ABC” және “NBC” мен туралы 97% теріс ақпарат таратады,” деп жазды ол.

Трамп бұдан әрі бұл арналарды “Демократиялық партияның бір бөлігі” ретінде әрекет етеді деп айыптап, олардың лицензияларын Федералды байланыс комиссиясы (FCC) арқылы алып тастау керектігін айтты.

“Мен мұны толық қолдаймын, себебі олар соншалықты біржақты және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратады, бұл біздің демократиямызға нақты қауіп төндіреді!!!” деп қосты ол.

Трамп негізгі бұқаралық ақпарат құралдарын және өзінің әкімшілігі туралы “жалған ақпарат” деп атаған мәліметтерді жиі сынға алып келеді.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды