ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Анкара саммиті қарсаңында Рютте Түркияның НАТО-дағы маңызын атап өтті
Марк Рютте «NATO 3.0» тұжырымдамасы АҚШ-қа шамадан тыс тәуелді болған «NATO 2.0»-ден өзгеше құрылымды білдіретінін айтты.
Анкара саммиті қарсаңында Рютте Түркияның НАТО-дағы маңызын атап өтті
НАТО Бас хатшысы Рютте сәуір айында Анкарада кездесул өткізген болатын.

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте: «Түркия – Альянстағы ең қуатты армиялардың біріне ие. Оның әскері өте жақсы жарақтандырылған әрі жоғары деңгейде дайындалған. Сонымен қатар елдің ауқымды қорғаныс өнеркәсібі үлкен артықшылық береді», – деді.

Марк Рютте 7–8 шілдеде өтетін Анкара саммиті қарсаңында НАТО штаб-пәтерінде “Анадолы” агенттігінің тілшісіне сұхбат берді.

Сұқбаттың негізгі бөлігі төмендегідей.

-       Құрметті Бас хатшы, Анкара саммитінен қандай нақты шешім күтуге болады? Сіздің ойыңызша, саммиттің табысты өткенін қандай нәтижелер айқындайды?

-       Болашақта адамдар бұл саммитте қабылданған міндеттемелердің іс жүзінде орындала бастағанын айтса деймін. Гаага саммитінде уәделер берілді, енді Анкара саммиті соларды жүзеге асыратын саммит болуы тиіс.

-       Соңғы уақытта «NATO 3.0» туралы жиі айтыла бастады. Сіз де бұл ұғымды қолданып, өзгерістердің қажеттігін атап өттіңіз. «NATO 3.0» дегеніміз не? Бұл одақтастар үшін нені білдіреді және мұндай трансформация не үшін қажет?

-       «NATO 3.0» – АҚШ-қа шамадан тыс тәуелді болған «NATO 2.0»-ден өзгеше құрылым. АҚШ Еуропадағы қатысуын дәстүрлі әскери әлеуеті мен ядролық тежеу мүмкіндігі арқылы сақтап қалады. Алайда алдағы кезеңде жауапкершіліктің едәуір бөлігін Еуропа өз мойнына алатын НАТО қалыптасады.

Бұл Украинадағы Ресейге қарсы соғыс жағдайында аса маңызды. Ресейдің ауқымды әскери күшеюіне бейжай қарауға болмайды. Бұл тек Украинаға ғана емес, жалпы қауіпсіздік жағдайына қатысты мәселе. Егер болашақта НАТО-ны барынша қуатты ұйым ретінде көргіміз келсе, осы бағытта қадам басуымыз қажет.

Мұның бәрі жауапкершілік әділ бөлінетін, соның арқасында күшейген, Ресейге қарсы тежеу әлеуетін арттырған әрі Қытай мәселесінде де мұқият НАТО-ны білдіреді.

«Түркия НАТО үшін аса маңызды ел»

-  Саммитті ұйымдастырушы Түркияның Альянсқа қосып отырған үлесін қалай бағалайсыз? Түркияның қорғаныс өнеркәсібі НАТО-ның ұжымдық қауіпсіздігі үшін қаншалықты маңызды? НАТО Түркияның қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтарын жақсырақ ескеру үшін не істей алады?

- “Түркия НАТО үшін аса маңызды мемлекет. Ол Альянстың негізін қалаушы елдердің қатарында болмаса да, ұйым құрылғаннан кейін небәрі үш жыл өткен соң, 1952 жылы НАТО-ға мүше болды. Сондықтан Түркия іс жүзінде Альянстың алғашқы кезеңінен бері оның құрамында келеді.

Бүгінде Түркия НАТО-дағы ең қуатты армиялардың біріне ие. Түрік Қарулы күштері өте жақсы жарақтандырылған және жоғары деңгейде даярланған.

Бұдан бөлек, шамамен үш мың компаниядан тұратын ауқымды қорғаныс өнеркәсібі экожүйесінің болуы – үлкен артықшылық. Ірі, орта және шағын кәсіпорындардың барлығы инновацияға басымдық береді, ең жаңа технологияларды әзірлейді және, мысалы Украинадағы соғыстан алынған тәжірибені қорғаныс өнімдерін жасауға енгізіп келеді. Бұл Түркияның қорғаныс өнеркәсібін айтарлықтай күшейтеді.

Сондықтан біз 7 шілдеде Анкарада НАТО саммиті аясындағы Қорғаныс өнеркәсібі форумын өткізуді ерекше маңызды деп санадық. Мақсатымыз – тек Түркияның ғана емес, жалпы НАТО-ның қорғаныс өнеркәсібі әлеуетін көрсету. Мұндай форумның Түркияда өтуі – өте орынды шешім.

Мен сәуір айында “ASELSAN” компаниясында болдым. Компанияның жұмысымен жақын танысу шынымен де үлкен әсер қалдырды. Сонымен қатар “ASELSAN”-ның Түркиядағы көптеген кәсіпорынымен, сондай-ақ Еуропа мен АҚШ компанияларымен тығыз ынтымақтастық орнатқанын көру де ерекше әсерлі болды. Түркияның АҚШ-қа, ал америкалық және еуропалық компаниялардың Түркияға инвестиция салуы серіктестіктің қалыптасқанын көрсетеді. Бізге дәл осындай ынтымақтастық қажет, өйткені бұл біздің тежеу қабілетіміздің негізі”

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО делегациясы «Baykar» компаниясына барды
Іздеу
Иран қауіпсіздікті күшейту үшін шекараға әскер орналастырды
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Еуропалық комиссия мүшелері Түркияда бірқатар кездесу өткізеді
Ресей Днепр мен Запорожьеде 8 адамды өлтірді
Ресей Украина дрондарына қарсы жасанды интеллект негізіндегі әуе қорғаныс жүйесін қолданбақ
Ұлыбритания кейбір босқындардан өтемақы талап етпек
Қытайда жеңіл ұшақтардың ұшуына шектеу қойылды
Батыс Шерияда  жаңа қоныстану жоспары әзірленгені алға тартылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Дохадағы кездесу мәселесі: АҚШ пен Ираннан қарама-қайшы ақпарат тарады
Трамп: «Ертең Дохада Иранмен кездесу өтеді»
Иран президенті: "Катарда бұғатталған 12 миллиард долларлық активтің жартысы елге оралады"
Президент Ердоған: "НАТО Анкара саммиті тәжірибе алмасудың ең қуатты тұғыры болады"
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
«Израильдің басқыншылық әрекеттерінің тоқтауы – әлемдік бейбітшіліктің кепілі»