ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Бельгия премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Максим Прево: «Түркия – өнеркәсіп саласындағы серіктес қана емес, сонымен қатар аймақтағы көптеген нарыққа шығуға мүмкіндік беретін маңызды ел»
Бельгия Түркиямен өнеркәсіп және инвестиция салаларында ынтымақтастықты нығайтуға шақырды
Брюссельде Түркия-ЕО бизнес саммиті өткізілді

Бельгия премьер-министрінің орынбасары әрі сыртқы істер министрі Максим Прево еуропалық компаниялардың өздеріне жақын әрі сенімді серіктес іздеуге көбірек көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Түркияның Еуропадағы жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын арттыруға көмектесетін өндірістік әлеуеті, өнеркәсіп саласындағы тәжірибесі және көршілес нарықпен қалыптасқан байланысы бар. Біздің қарым-қатынастарымыз осы ортақ мүдделерді әлдеқайда айқын көрсетуі тиіс деп ойлаймын», – деді ол.

Прево Брюссельде Түркия Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEİK) мен Еуропалық бизнес саммитінің (EBS) ұйымдастыруымен өткен Түркия – Еуропалық Одақ бизнес саммитінің ашылуында сөз сөйледі.

Еуропада миллиондаған түрік тұратынын еске салған Прево: «Бельгиядағы түрік қауымдастығы Түркиямен тығыз байланысын сақтай отырып, бірнеше ұрпақ бойы елімізге үлес қосып келеді. Екі елді ұзақ жылдар бойы қалыптасқан іскерлік әріптестік те байланыстырып отыр», – деді.

Прево Түркияның НАТО-дағы екінші ірі армияға ие одақтас мемлекет ретінде Еуропаның оңтүстік-шығыс шекарасының қауіпсіздігін қорғауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ ол Түркияның Еуропалық Одаққа мүшелікке үміткер ел екенін және Еуропа, Азия мен Таяу Шығысты байланыстыратын қуатты өнеркәсіптік экономикаға ие екенін айтты.

«Еуропалық компаниялар өздеріне жақын әрі сенімді серіктестерді  іздеуде. Түркияның Еуропадағы жеткізу тізбектерінің тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік беретін өндірістік қуаты, өнеркәсіп саласындағы мол тәжірибесі және көршілес елдермен тығыз байланыстары бар. Біздің қарым-қатынастарымыз осы ортақ мүдделерді әлдеқайда айқын көрсетуі тиіс деп ойлаймын», – деді Прево.

«Түркия – ауқымды өңірлік нарыққа шығуға мүмкіндік беретін маңызды ел»

Еуропаның жеткізу тізбектерін нығайтып, олардың тұрақтылығын арттыру қажеттігін атап өткен Прево: «Еуропалық компаниялар өнімдерін қай елде өндіретінін және қажетті тауарларды қайдан алатынын қайта қарастырып жатқан тұста Түркияның маңызы артып келеді. Түркия – өнеркәсіп саласындағы серіктес қана емес, сонымен қатар аймақтағы көптеген нарыққа шығуға мүмкіндік беретін маңызды ел. Әсіресе Еуропаның басқа елдерге стратегиялық тәуелділігін азайту қажет салаларда Түркияның географиялық жақындығы мен экономикалық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануымыз керек», – деді.

Бельгияның да осы бағыттағы жұмыстарға үлес қосуға ниетті екенін атап өткен Прево: «Біз бірлескен жобаларды көбейту, инвестиция көлемін арттыру және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту арқылы қол жеткізген жетістіктерімізді одан әрі дамытуды көздеп отырмыз. Келесі апта сыртқы істер, әділет және ішкі істер салаларындағы ынтымақтастығымызды талқылау үшін Түркиямен үшжақты келіссөздер өткіземіз. Осы мақсатта Брюссельдегі Эгмонт сарайында бас қосамыз», – деп мәлімдеді.

Іздеу
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
Коммуникация басқармасы төрағасы Дуран Израиль Қорғаныс министрі Кацтың мәлімдемелеріне жауап берді
Ибрахим Калын Сирияның Сыртқы істер министрі Шайбанимен кездесті
Түркия Мекке қорғаныс альянсына қатысты мәлімдеме жасады
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Президент Ердоғанның Палестинаға қолдауы жалғасып келеді
Түркия 2027 жылы алғашқы "HÜRSAT"  бақылау спутнигін ұшыруды мақсат етеді
Канада премьер-министрі Түркияға алғаш рет сапарлай келеді
Президент Ердоған Стамбулдың азат етілуінің 103 жылдығын атап өтті
Темекі шегуді ұнатпайтын жалғыз түрік ауылы
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді