ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Індеттен қайтыс болғандар көрсеткіші 48,4 пайызды құрады.
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан көз жұмғандар саны 3 мың 982-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасында (КДР) жалғасып жатқан Эбола індетінен қаза тапқандар саны 3 мың 982-ге, ал жұқтырғандар саны 8 мың 224-ке жетті.

КДР Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сәйкес, 2 мың 121 адам сауығып шыққан. Індеттен көз жұму көрсеткіші 48,4 пайызды құрады.

Індет таралған 7 уәлаяттың 63 аймағында науқастарды емдеу, вирустың таралуына жол бермеу және медицина қызметкерлерінің мүмкіндігін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Эбола Африкада мыңдаған адамның өмірін қиды

Қанды безгекке әкелетін Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы Суданның Нзара және КДР-дың Ямбуку елді мекендерінде бір мезгілде тараған індет кезінде анықталған.

КДР-дағы індет Эбола өзеніне жақын ауылда басталғандықтан, ауруға осы өзеннің атауы берілген.

Эбола вирусы 2013 жылдың желтоқсанында Батыс Африкада тарала бастады. Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 2014–2017 жылдары болған індет кезінде 30 мың адам вирус жұқтырып, 11 мыңнан астам науқас қайтыс болды.

КДР-дың шығысындағы Итури уәлаятында 246 күдікті жағдай мен 65 өлім тіркелгеннен кейін 15 мамырда Эбола індеті жарияланды.

Денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, мамыр айында тарала бастаған Эболаның «Бундибугио» нұсқасына қарсы әзірге ресми мақұлданған ем немесе вакцина жоқ.

Іздеу
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Ирак ДАИШ террорлық ұйымының бекінісін жойды
Джибути жағалауындағы кеме апатынан 139 адам қаза тапты, 84 адам із-түзсіз жоғалып кетті
2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Нави Пиллайға берілді
АҚШ-та «Исайас» дауылына байланысты эвакуация жарияланды
Трамп әкімшілігі мигранттарды АҚШ-тан кемелермен депортациялауды қарастырып жатыр