Бүкіл әлем көз тіккен FIFA Әлем кубогы биыл тек футболмен ғана емес, ауқымды мәдени таныстыру науқанымен де атын шығаруға дайындалуда. Америка Құрама Штаттарының Лос-Анджелес қаласындағы әйгілі «Gloria Molina Grand Park» саябағы Түркияның алып іс-шара алаңына мекен болады.
Түркия Республикасы Президенті жанындағы Коммуникация басқармасының қолдауымен жүзеге асқан жоба аясында 18-26 маусым аралығында 3050 шаршы метрлік кең аумақта «Türkiye is Here» (Түркия осында) ұранымен «Turkish Vibe Zone» бой көтереді. 18 маусым бейсенбі күні құрылысы аяқталып, жұмысын бастайтын бұл алып алаң футбол жанкүйерлерін де, Лос-Анджелес тұрғындарын да қабылдайды.
Футбол қызуы алып экрандағы тікелей көрсетілімдермен ұласады
«Turkish Vibe Zone» Әлем кубогында Түркия ұлттық құрамасының көрсететін тартысты ойындарын тамашалайтын басты орталыққа айналады. Алаңда орнатылатын Бас сахна мен алып жарықдиодты экранның арқасында турнирдің толқынысы тікелей трансляциялар арқылы Лос-Анджелестің орталығына жеткізіледі.
Медиа мен цифрлық әлемнің жүрегі осында соғады
Іс-шара аумағы тек матч көретін орын болудан тыс халықаралық медиа базасы ретінде жобаланды. Алаңда құрылатын «VIP & Media Hub» (Баспасөз орталығы) әлемдік және жергілікті БАҚ-тың өзара ықпалдасуын қамтамасыз етіп, сұхбаттар мен арнайы хабарлардың төркініне айналады. Бұған қоса заманауи Контент студиясы әртүрлі түсірілімдер жасауға мүмкіндік береді.
Гастрономиядан өнерге дейінгі мінсіз Түркия әсері
«Turkish Vibe Zone» келушілеріне Түркияны толықтай сезінуге мүмкіндік беретін бай мазмұнды бағдарлама ұсынады. Шараның гастрономия бөлімінде түрік асханасының әлемге әйгілі ерекше дәмдері мен дәстүрлі тағамдары америкалық гурмандар мен шетелдік қонақтардың талғамына ұсынылады.
Брендтік аймақтарда демеуші компаниялар арнайы құрылған стендтердегі интерактивті шаралар арқылы өздерін жаһандық сахнаға шығару мүмкіндігіне ие болады. Турнир барысындағы әсерлі концерттер, әртістердің жанды дауыстағы өнерлері мен арнайы шоулар Лос-Анджелес көшелерінде түрік самалын естіреді. Сонымен қатар осы ауқымды шарадан ұмытылмас естелік қалдырғысы келетін қонақтар алаңдағы фотокабиналарда уақытты көңілді өткізіп, ерекше сәттерін таспаға баса алады.
Лос-Анджелесте 18 маусым бейсенбі күні есігін ашатын «Turkish Vibe Zone» 26 маусымға дейін ашық болады.



















