ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Газаға әскер жіберу бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес қозғалады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Индонезия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иорданияның сыртқы істер министрлерімен, сондай-ақ БАӘ мен Катар өкілдерімен кездесуінен кейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары Газаға орналастыру үшін маңызды екенін айтты.
Түркия Газаға әскер жіберу бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес қозғалады
Түркия Газаға әскер жіберу бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес қозғалады / AP

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Израиль қоршауындағы Газаға әскер жіберу мәселесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің алдағы қарарының мәтініне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

«Біз сөйлескен елдер былай дейді: олар әскер жіберу немесе жібермеу туралы шешімді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен күтілетін қарардың анықтамасына байланысты қабылдайды», – деді Фидан дүйсенбі күні Газаға халықаралық тұрақтандыру күштерін жіберу туралы Түркияныңжоспарына қатысты баспасөз мәслихатында.

Фидан Стамбулда Индонезия, Пәкістан, Сауд Арабиясы және Иорданияның сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар өкілдері қатысқан Газа мәселесіне арналған кездесу өткізді. Ол елдердің басты назар аударған мәселесі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарары шеңберінде мандаты мен заңдылығы анықталған күш құру екенін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді

«Елдер негізінен халықаралық тұрақтандыру күштерінің мандаты мен өкілеттіктеріне байланысты шешім қабылдайды. Егер мандат олардың өз принциптері мен саясатына қайшы келсе, әскер жіберу қиын болады деп ойлаймын», – деп қосты ол.

Фидан Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның бұл мәселеге қатысты мәлімдемелері Түркияның бейбітшілік үшін кез келген қажетті құрбандыққа дайын екенін «айқын көрсететінін» атап өтті.

«Алайда қабылданатын құжаттар мен түсініктемесі біздің қолдауымызға лайық болуы маңызды. Сондықтан бұл мәселеге қатысты дипломатиялық байланыстарымыз бен күш-жігеріміз жалғасуда», – деді ол.

Фидан күштердің мандатын анықтау процесінде алдымен жалпы консенсусқа қол жеткізілуі керек екенін, содан кейін ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері тарапынан вето қойылмай бекітілуі тиіс екенін айтты. Ол Түркия мен серіктес елдердің бұл процестің әр кезеңінде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Бұл өте сезімтал процесс», – деп атап өтті Фидан. «Палестина мәселесін шешуге бағытталған кез келген қадам қазіргі мәселені шешумен қатар, болашақта жаңа қиындықтар туғызбауы тиіс. Біз бұған ерекше назар аударып отырмыз» деді ол.

Газадағы басқару қалай ұйымдастырылатыны және халықаралық қауымдастықтың бұл мәселеге көзқарасы туралы сұраққа Фидан: «Бұл мәселеде бізде ортақ келісім бар. Бізде де, палестиналықтарда да бұл тұрғыда проблема жоқ. Алайда Израиль мен басқа да ықпалды халықаралық ойыншылардың көзқарасы өзгеше. Бұл екі түрлі көзқарасты үйлестіру үшін дипломатиялық келіссөздер, пікірталастар және дайындық жұмыстары жүргізілуде», – деп жауап берді.

Фидан дайындалатын мәтін мен құрылатын жүйенің маңыздылығын атап өтіп, оның қандай басымдықтарды қамтитынын айтты. «Біздің қағидамыз – палестиналықтар өздерін өздері басқаруы керек және өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», – деп қосты ол.

Ол халықаралық қауымдастықты бұл процесті тиімді жүзеге асыру үшін дипломатиялық, институционалдық және экономикалық қолдау көрсетуге шақырды, кейбір түзетулер мұқият жасалуы керектігін және шығармашылық шешімдер іздестіріліп жатқанын атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Сыртқы істер министрі Фидан Иерусалим мәселесіне арналған министрлер кездесуіне қатысады
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Ердоған Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік барлау қызметінің басшысы  ХАМАС көшбасшысымен кездесті
Түркия, Мысыр және Катар Израильдің Газадағы әрекеттерін қатаң айыптады
Министр Фидан шетелдік әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түрік әуе жолдары рекорд жаңартты
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Түркияның «F-16» ұшақтары НАТО аясындағы кезекшілікті қабылдады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
TİKA угандалық әйелдердің кәсіби білім алуына қолдау көрсетті