ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иран бұқаралық ақпарат құралдары жағалау аймақтарында жарылыс пен ықтимал зымыран соққылары туралы хабарласа, Кувейт армиясы ел аумағында естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғанысы жүйелерінің тосқауылдау операцияларының нәтижесі екенін мәлімдеді.
Иранның Кешм аралында жарылыс болды
Иранның Кешм аралында жарылыс болды / AP

Иранның Кешм аралында жарылыс болғаны хабарланды. Ирандық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ислам төңкеріс сақшылар корпусы елдің оңтүстігіндегі Кешм аралына жасалған АҚШ шабуылынан кейін Кувейттегі америкалық әскери базаларды нысанаға алған қарымта шабуылдардың басталғанын жариялады.

Ислам төңкеріс сақшылар корпусы мәлімдемесінде Кешм аралында Иранның егемендігі бұзылғанына жауап ретінде Әуе-ғарыш күштері Кувейттегі АҚШ әскери нысандарына зымырандық соққы бергені хабарланды. Мәлімдемеде Иранға қарсы жаңа шабуылдарға «батыл әрі нақты» жауап берілетіні ескертіліп, Иранға қарсы әрекеттерге қатысқан күштер ауыр салдарға тап болатыны атап өтілді.

Ал АҚШ Орталық қолбасшылығы Кешм аралына жасалған шабуылдарды растады. CENTCOM-ның “X” әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде: «АҚШ күштері Иранның Таяу Шығыс аумағындағы шабуыл әрекеттеріне жауап ретінде 2 маусым күні көптеген ирандық баллистикалық зымыран мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын жойды, сондай-ақ өзін-өзі қорғау мақсатында Кешм аралында соққы берді», – делінген.

Сондай-ақ мәлімдемеде Иран тарапынан азаматтық теңіз кемелеріне бағытталған үш камикадзе-дронның атып түсірілгені және америкалық әскери қызметкерлердің зардап шекпегені хабарланды.

Кувейттің әуе қорғаныс жүйелері іске қосылды

Кувейт армиясы сәрсенбіге қараған түні әуе қорғанысы жүйелерінің «дұшпандық» зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылдарына қарсы әрекет еткенін мәлімдеді.

Кувейттің әскери билігі елдің әртүрлі өңірінде естілген жарылыс дыбыстары әуе қорғанысы жүйелерінің тосқауылдау шараларынан туындағанын хабарлады. Әзірге оқиғаға қатысты қосымша мәлімет жарияланған жоқ.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты