ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пентагон: «Тынық мұхитының шығысында тағы бір кемеге шабуыл жасалды»
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет мәлімдемесінде бұл шабуылдың террорлық ұйым ретінде танылған бір топқа тиесілі кемеге бағытталғанын, АҚШ күштерінің зардап шекпегенін айтты.
Пентагон: «Тынық мұхитының шығысында тағы бір кемеге шабуыл жасалды»
Пентагон: «Тынық мұхитының шығысында тағы бір кемеге шабуыл жасалды» / Reuters

Пентагон басшысы Пит Хегсет Американың Тынық мұхитының шығысында есірткі контрабандасына қатысы бар бір кемеге шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Хегсет сәрсенбі күні «X» платформасындағы жазбасында бұл өлімге әкелген кинетикалық шабуылдың террорлық ұйым ретінде танылған топ басқаратын кемеге бағытталғанын айтты.

Министрдің айтуынша, АҚШ-тың барлау қызметі кеменің есірткі тасымалына арналған белгілі бағыт бойымен жүзіп бара жатқанын және есірткі тиелгенін анықтаған.

Хегсет: «Шабуыл кезінде кемеде заңсыз есірткімен айналысқан үш ер адам болған. Шабуыл халықаралық су айдынында жасалды. Үш террорист жойылды, бұл операцияда АҚШ әскерлері зардап шеккен жоқ»,- деді.

Бұл шабуыл Трамп әкімшілігінің «нарко-терроризмімен күрес» науқаны аясында есірткі контрабандасына қатысы бар деп танылған кемелерге жасаған соңғы операциясы болды.

Алайда құқық қорғаушылар мен заң саласының мамандары мұндай операциялардың заңды екендігіне күмән келтіріп, АҚШ-тың есірткі картельдеріне бағытталған шабуылдарының халықаралық құқық бұзушылық болуы мүмкін екенін алға тартуда.

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты