ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Индонезияда 23 сарбаз қаза тапты
Оқу-жаттығуға қатысқан теңіз жаяу әскерлері нөсер жауын-шашын салдарынан жолда қалып қойды. Құтқару жұмыстары мен эвакуация жалғасуда.
Индонезияда 23 сарбаз қаза тапты
Құтқару жұмыстары мен эвакуация жалғасуда. / Reuters

Индонезия Әскери-теңіз күштерінің баспасөз қызметі сейсенбі күні Батыс Ява өңірінде болған көшкін салдарынан 23 сарбаздың қаза тапқанын растады.

Бір күн бұрын басталған нөсерлі жауын-шашынның әсерінен болған көшкін сенбі күні таңертең Бандунг-Барат ауданындағы Пасир-Лангу ауылын басып қалды.

Ауыл Индонезияның астанасы Джакартадан шамамен 100 шақырым оңтүстік-шығыста провинцияның таулы аймағында орналасқан.

Әскери-теңіз күштерінің өкілі, бірінші адмирал Тунггулдың айтуынша, 23 теңіз жаяу әскері сенбі күні Индонезия мен Папуа–Жаңа Гвинея шекарасындағы патрульдерге арналған оқу-жаттығу кезінде көшкін астында қалған.

Индонезияның Апаттарды басқару агенттігінің өкілі Абдул Мухари көшкіннен зардап шеккен ауылдың 685 тұрғыны жергілікті әкімшілік ғимараттарына эвакуацияланғанын хабарлады.

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу үшін кемінде 800 құтқарушы, әскери және полиция қызметкерлері, сондай-ақ тоғыз экскаватор жұмылдырылды.

Көшкін Ява аралында жауын-шашын мол түсетін кезеңде болды.

Өткен аптада су тасқындары Индонезияның көптеген өңірін, соның ішінде Джакарта мен Батыс Ява және Орталық Явадағы бірқатар қаланы шарпыған еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Азияда жойқын сел: 200 адам қаза тапты
Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті