ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Республикалық заң жобасы АҚШ Сенатынан өтпеді
Қабылдануы үшін 60 дауыс қажет болған заң жобасы 49-ға қарсы 45 дауыспен қабылданбады.
Республикалық заң жобасы АҚШ Сенатынан өтпеді
Көптеген федералды қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберілді немесе еңбекақысыз жұмыс істеуде. / Reuters Archive

АҚШ-та үкіметтің 14 күннен бері жабық тұруына себеп болған дағдарысты еңсеруге бағытталған республикалық заң жобасы сейсенбі күні Сенаттан өтпей қалды.

Сейсенбі күні өткен дауыс беруде Сенат өкілдер палатасында мақұлданған және үкіметті 21 қарашаға дейін қаржыландыруды көздеген заң жобасын қабылдау үшін жеткілікті дауыс жинай алмады. Қабылдануы үшін 60 дауыс қажет болған заң жобасы 49-ға қарсы 45 дауыспен қабылданбады.

Екі партия да үкімет жұмысын қайта бастау мәселесінде кедергі келтірді деп бір-бірін айыптауды жалғастыруда.

Қабылдануы үшін 60 дауыс қажет болған бұл жобаны көпшілік демократ сенаторлар және бірнеше республикашыл қолдамады. Демократтар қатарындағы Невада сенаторы Кэтрин Кортес Масто және Мэн штатынан тәуелсіз сенатор Ангус Кинг жобаны қолдаған республикашылар жағына шықты.

Республикашыл сенатор Рэнд Пол заң жобасының ілгерілеуіне қарсы дауыс беріп, бұл жағдай республикашылардың кемінде сегіз демократ сенатордың қолдауына мұқтаж болуына себеп болды. Сенаттағы көпшілік жетекшісі Джон Тюн де «қайта қарау туралы ұсыныс» енгізу үшін «қарсы» дауыс берді.

Бұған дейінгі дауыс берулерде жобаны қолдаған демократ сенатор Джон Феттерман дауыс беруге қатыспады.

Экономикалық тоқырау

Үкіметтің жабылуы тікелей үлкен экономикалық дағдарыс тудырмаса да, елдің көптеген саласында айтарлықтай кедергіге себеп болып, әлемдегі ең ірі экономиканың болашағына қатысты белгісіздікті күшейтуде.

Көптеген федералды қызметкер не ақысыз жұмыс істеуге мәжбүр, не жаңа бюджет бекітілгенше демалысқа жіберілуде. Әрбір федералды мекеменің қай қызметкерлердің «маңызды» саналатынын анықтайтын өзіндік жабылу жоспары бар.

1 қазаннан бастап, яғни үкіметтің жабылуы басталғаннан бері Трамп әкімшілігі 4 108 қызметкерді жұмыстан босатты. Президент  бұл жағдайға байланысты тоқтатылатын демократиялық бағдарламалардың тізімін жариялайтынын да мәлімдеді.

Іздеу
Жасыл энергетика Түркияның экологиялық нәтижелерін күшейтті
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Иран: «Зымырандарымыз дайын»
Еуроодақ Арменияға 50 миллион еуродан астам қаржы бөлмек
Түркия мен Түрікменстан жаңа хаттамаға қол қойды
Стубб ЕО құрамын 40 елге дейін кеңейтуді ұсынды
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"