ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
NASA Марс орбитасында жүрген “MAVEN” ғарыш аппаратынан алты ай бойы ешқандай сигнал алынбағаннан кейін оның миссиясының ресми түрде аяқталғанын жариялады.
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Mars-Maven ғарыш аппараты (AP)

NASA Марс орбитасында жүрген “MAVEN” ғарыш аппаратынан алты ай бойы ешқандай сигнал алынбағаннан кейін оның миссиясының ресми түрде аяқталғанын жариялады. Ғарыш агенттігі он жылдан астам уақыт бойы зерттеу жүргізген аппараттың қызмет мерзімі аяқталғанын растады.

NASA жобасының жетекшісі Майк Моро миссияның аяқталуы команда мүшелеріне жақын адамынан айырылғандай әсер еткенін айтты.

Марстың атмосферасын орбитадан зерттеу үшін 2013 жылы ұшырылған “MAVEN” өткен жылдың желтоқсанында Қызыл ғаламшардың арғы бетіне өткеннен кейін байланысқа шықпай қалды. Мәліметтер ғарыш аппаратының өз осінен жылдам айнала бастағанын, соның салдарынан орбитасының бұзылып, батареяларының таусылғанын көрсетті.

NASA биыл құрған арнайы комиссия аппаратты қалпына келтіру мүмкін емес және оның толықтай істен шыққан деген қорытындыға келді. Мамандардың бағалауынша, аппараттың қалдықтары Марсқа құлағанға дейін тағы 50–100 жыл бойы орбитада қала береді.

NASA бұл жағдайдың басқа ғарыш аппараттарына қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Алайда ақаудың нақты себебін анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Маңызды ғылыми жаңалықтарға үлес қосты

Марстағы атмосфералық құбылыстарды зерттеген “MAVEN” өткен жылы Күн жүйесінің сыртынан келген кометаны бақылаған.

Сонымен қатар аппарат 2017 жылдың қыркүйегінде болған қуатты күн дауылы кезінде Марста кенеттен пайда болған жарқын полярлық шұғылаларды тіркеп, ғаламшар атмосферасының эволюциясын түсінуге маңызды үлес қосты.

Орбиталық зерттеулерден бөлек, “MAVEN” Марс бетіндегі “Curiosity” және “Perseverance” роверлерінен алынған мәліметтерді Жерге жеткізу үшін байланыс қызметін де атқарды.

Колорадо университетінің (Боулдер) “MAVEN” бағдарламасының бас ғалымы Шеннон Карри аппараттың ғылымға қосқан үлесін мақтан тұтатындарын айтты.

NASA өкілдерінің хабарлауынша, Марс орбитасындағы АҚШ пен Еуропаға тиесілі қалған төрт спутник байланыс қызметін өз мойнына алады. Сондықтан Марс бетіндегі зерттеу аппараттарының жұмысына немесе деректердің жеткізілуіне әсер ететін ешқандай үзіліс болмайды.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті