САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Лондонда Украина бойынша бейбіт келіссөздерге жоғары деңгейдегі дипломаттар қатыспады
Украинаға қатысты бейбіт келіссөздер төменгі деңгейдегі дипломатиялық қатысумен жалғасып жатқан тұста АҚШ Ресейден белгілі бір келісім алып, бітімге қол жеткізуді көздеп отыр.
Лондонда Украина бойынша бейбіт келіссөздерге жоғары деңгейдегі дипломаттар қатыспады
/ Reuters

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Украинаға қатысты жоғары деңгейдегі бейбіт келіссөздер сәрсенбі күні Лондонда шешуші елдердің сыртқы істер министрлері қатыспаған күйде өтеді.

Сыртқы істер министрлері қатысуы тиіс болған кездесу кейінге қалдырылғаннан кейін қазіргі келіссөздерге Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және Украина тарапынан жоғары лауазымды өкілдер жетекшілік етуде.

Бұл өзгеріс АҚШ әкімшілігінің Киев пен Мәскеуге бітімге келуге бағытталған қысымын күшейткен тұста болды.

Sky News бұл келіссөздерге қатысу деңгейінің төмендеуін қақтығысты тоқтатуға деген қажеттіліктің артып отырған сәтімен қарама-қайшы деп бағалады.

Келіссөздерде негізгі тақырыптардың бірі ретінде АҚШ ұсынған бейбіт бастама қарастырылуы мүмкін. Онда Ресейдің Қырымды аннексиялауын мойындау және Украинаның НАТО-ға мүшелігіне тосқауыл қою қарастырылған. Алайда бұл ұсынысты Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні қабылдамағанын мәлімдеді.

«Техникалық кездесулер»

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Ламми “X” әлеуметтік желісінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен «өте пайдалы кездесу» өткізгенін жазды.

Ламми: “Ұлыбритания АҚШ, Украина және Еуропамен бірге бейбітшілік орнату және Путиннің заңсыз басқыншылығына тосқауыл қою бағытында жұмыс істеуде. Келіссөздер жедел жүріп жатыр, ал ертең ресми өкілдер Лондонда бас қосады. Бұл – Украина, Ұлыбритания және Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік үшін шешуші сәт,” – деп жазды.

Марко Рубио да “X” желісіндегі жазбасында Ламмимен “өте пайдалы кездесу” өткізгенін атап өтті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы: “Біздің топ украиналық және британдық әріптестерімізбен мазмұнды әрі сапалы техникалық кездесулер өткізуді асыға күтуде. Лондонда өтіп жатқан келіссөздердің жалғасын табуын және алдағы айларда Ұлыбританияға жасалатын сапарымды асыға күтемін,” – деді.

 

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты