ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
400-ден астам өнер жүлдызы Израильге бойкот жариялады
«Massive Attack» пен «Carole King» өз шығармаларын Израильдің  цифрлық платформаларынан алып тастау науқанына қосылды және ірі музыкалық компанияларды осындай қадамға шақырды.
400-ден астам өнер жүлдызы Израильге бойкот жариялады
/ Reuters

Әлем бойынша 400-ден астам өнерпаз өз шығармаларын Израильдің цифрлық платформаларынан алып тастауға бағытталған мәдени бойкотқа қосылғандарын мәлімдеді. Бұл бойкоттың мақсаты -  Газада жалғасып жатқан геноцидке қарсы тұру.

Израиль шабуылдары мен аштықтан қиналған балалардың фотолары жаһанның ашу-ызасын тудырып, әрекет ету үндеулерін арттырды.

«Haaretz» басылымының хабарлауынша, «No Music for Genocide» (Геноцид үшін музыка жоқ) ұранымен басталған бастама өнерпаздарды шығармаларын Израиль платформаларынан алып тастауға шақыруда.

Бойкотқа қол қойғандардың арасында британдық «Massive Attack», шотландиялық «Primal Scream», америкалық «Japanese Breakfast» тобы мен Кэрол Кинг, жапон поп жұлдызы Рина Саваяма және даниялық өнерпаз «MØ» сияқты танымал есімдер бар.

«Өнер арқылы ақтауға қарсымыз»

Науқанды ұйымдастырушылар бойкоттың мақсаты - «Sony», «Universal» және «Warner» сияқты ірі компанияларды Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін басқан қадамдарын қайталауға және Израильге де ұқсас санкция салуға мәжбүрлеу екенін атап өтті.

«Мәдениет жалғыз өзі бомбаларды тоқтата алмайды, алайда мәдениет саяси қысымды қабылдамауға, қоғамдық пікірге ықпал етуге және адамзатқа қарсы қылмыс жасаған кез келген елдің немесе компанияның өнер арқылы ақталуына жол бермеуге ықпал ете алады», - делінген мәлімдемеде.

Бойкот Израильдің Газаға бағытталған шабуылдарының жалғасуына қарсы бүкіл әлемде ұйымдастырылған наразылықтардың, мәдени, спорттық және өнер саласындағы шаралардың бір бөлігі.

Іздеу
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»