САЯСАТ
3 ... минут оқылды
Трамп: "Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі"
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) 81-ші Бас Ассамблеясында сөз сөйледі.
Трамп: "Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі"
Трамп: "Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі"

АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясына қатысып, осы жерде баяндама жасады.

Сөзінің басында Американың ішкі саясаты мен экономикасына ұзақ уақыт тоқталған Трамп алдағы Конгресс сайлауы қарсаңында өз сайлаушыларына жолдаулар арнады.

АҚШ президенті ретінде осы уақытқа дейін 8 соғысты аяқтағанын алға тартқан Трамп Ресей-Украина соғысы, Иранмен соғыс, Газадағы гуманитарлық дағдарыс және басқа да аймақтардағы қақтығыстарды шешу бағытында үлкен күш жұмсағандарын білдірді.

Трамптың пікірінше, Иранмен келісім 3 қарашадағы сайлаудан кейін жасалады

Иран мәселесінде бұрынғы жолдауларын қайталаған Трамп: «(3 қарашадағы) Сайлаудан кейін бірден (Иранмен) келісімге келеміз деп сенемін, себебі олардың бұны жасамауы ақылға қонымсыз», — деген баға берді.

Иранның өзінің сайлаудан қандай нәтижемен шығатынын тосып отырғанын алға тартқан Трамп сайлауға өзінің түспейтінін, тек Республикалық партияның бақ сынайтынын айтты.

АҚШ президенті не Иранмен келісім жасасу, не Иранды «жоқ қылу» бойынша шешім қабылдау кезеңінде тұрғанын баса айтты.

Иранмен арадағы дағдарыстың «олай болмаса бұлай» шешілуі керектігін айтқан Трамп бұл істің «жылдам» реттелуі қажеттігіне назар аударды.

«Газаға миллиардтаған доллар көмек көрсетіледі»

Трамп Түркияның Газа үшін қосқан үлесіне тоқталып, жиналған қаражаттың уақыты келгенде Газаны қайта қалпына келтіру үшін жұмсалатынын, елдердің өте жомарттық танытқанын айтты.

«Газа Бейбітшілік Кеңесіне мүше елдердің көмек жұмыстарына қосқан миллиардтаған доллар үлесі үшін ризашылығымызды білдіреміз. Бұл қаражат тікелей Газаны қайта құру мен көмек көрсету жұмыстарына жұмсалады. Марокко, Бахрейн, Катар, Кувейт, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Түркия және басқа да көптеген ел өз үлестерін қосты. Бұл елдер аса жомарттық танытты» деді.

Қызметке кіріскеннен бері сегіз соғысты тоқтатқанын мақтан тұтатынын баса айтқан Трамп түскен қаражаттың мұқтаж жерлерге жетіп жатқанын, адамдардың гуманитарлық көмектің дұрыс жүзеге асқанын қалайтынын және Газаға миллиардтаған долларлық көмектің ағылатынын білдірді.

«Ресей-Украина мәселесін шешеміз»

АҚШ президенті Трамп Ресей-Украина соғысын аяқтау бағытында да көп жұмыс істеп жатқандарын және соғыстың тоқтауын қалайтындарын білдіріп, «Ресей мен Украина көшбасшыларымен өте тығыз ынтымақтастықтамыз және бұл мәселені шешеміз», — деді.

«Кубада билік құлайды»

АҚШ-тың Латын Америкасы бойынша да орасан зор белсенділік танытып жатқанын айтқан Трамп Кубадағы биліктің өте сәтсіз екенін алға тартты.

Трамп: «Коммунистік режимнің үлкен қысымы астында отырған Кубадағы жағдайдың да түбегейлі өзгергенін мақсат етеміз. Куба — сәтсіздікке ұшыраған мемлекет. Куба күйреп жатыр және күйрейді де», — деген сөздер қолданды.

АҚШ президентінің бұл сөздері кезінде залда отырған Куба делегациясының орнынан тұрып, Трампқа наразылық білдіру мақсатында сыртқа шығып кеткен сәті камераларға түсіп қалды.

АҚШ Гренландияда 2 әскери база салады

Трамп Дания және Гренландиямен жасалған келісім аясында Гренландияда әскери болмысының болатынын және бұның АҚШ қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін білдірді.

АҚШ президенті Трамп: «Гренландияда қолайлы орындарда ауқымды әскери база қалыптастыру процесін дереу бастаймыз. Ол жерде 2 өте үлкен әскери база саламыз», — деген ақпарат жариялады.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты