САЯСАТ
4 ... минут оқылды
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
Сайланған президенттің көзі Канада, Гренландия және Панама каналында. Трамптың амбициялары шынайы ма, әлде арандатуға арналған ба? Себебі олар  американдық ерекшелікке жаңа өлшем қосады және тарих қайталана ма? деген сұрақты тудырады.
00:00
Трамп экспансионист пе? Америкадағы АҚШ оккупацияларына көзқарас
President Donald Trump and Canadian Prime Minister Justin Trudeau pose for a photo in Washington, on Oct. 11, 2017. Trump recently suggested that Canada should be the 51st state of the US. Photo/Carolyn Kaster / AP

 

20 қаңтардағы инаугурациясының қарсаңында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Американың интервенциялық өткенін еске түсіретін батыл экспансионистік идеяларды алға тартуда.

Оның соңғы мәлімдемелерінде Канаданы АҚШ-тың 51-ші штаты болуға шақыру, Панамадан өмішең маңызды арнасын бақылаудан шығаруды талап ету және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін Данияның территориясы Гренландияны беруді ұсыну тілге тиек етілді.

«Адамдар Данияның бұл жерде заңды құқығы бар-жоғын да білмейді, бірақ егер болса, олар одан бас тартуы керек», - деді Трамп Мар-а-Лагодағы баспасөз мәслихатында.

Трамптың егеменді елдердің жері  туралы батыл мәлімдемелері жаһандық пікірталастарды қайта тудыруы мүмкін, бірақ Америка Құрама Штаттарының интервеция тарихы таныс оқиғаға меңзейді.

 

19 ғасырдың ортасында Мексиканың солтүстік аумақтарын, соның ішінде Калифорнияны жаулап алудан Орталық Америкаға ондаған жылдар бойы жүргізілген әскери интервенцияларға дейін Вашингтон бірнеше рет өз ықпалын көрсетті.

 

Демократтар үшін бұл мәлімдемелер қорқынышты. Бірақ сонымен бірге  АҚШ-тың бүкіл Америкаға басып кіруінің, Дестини Манифесті және Монро доктринасы үшін басып алынған жерлерді, биліктен құлатылған және құрылған режимдердің ұзақ және қайшылықты тарихын ашып береді.

 

Әрекеттерді идеология ретінде көрсету

 

Америка Құрама Штаттары өз шекарасынан тыс жерде Оңтүстік Америкадағы антиамерикандық режимдерді құлатуда маңызды рөл атқарды, Аргентина, Бразилия, Чили және Боливияда келіспеушілікті мұра қылып қалдырып,  саяси ландшафттарын қайта пішіндеді.

 

Америка Құрама Штаттары Американың кем дегенде алты еліне әскери интервенция ұйымдастырды.

 

Мексика

 

1846 жылы АҚШ Мексикаға соғыс жариялады. Бұл қақтығыс Мексиканы қазіргі Калифорния, Невада және Аризонаны қоса алғанда, өз аумағының жартысынан көбін беруге мәжбүр еткен 1848 жылғы Гвадалупе Идальго келісімімен аяқталды.

 

Шарт сонымен қатар үш жыл бұрын аннексияланған Техастағы АҚШ-тың бақылауын күшейтті. Соғыс Американың шекарасын кеңейте отырып, қатысушылардың арасында да қайғылы мұра қалдырды.

 

Кейінірек АҚШ президенті болған Улисс С. Грант бұл соғысты «мықты елдің әлсіз елге қарсы жүргізген ең әділетсіз соғыстарының бірі» деп айыптады. Бұл көзқарас әлі күнге дейін Америка тарихының осы бөліміне көлеңке түсіруде.

 

 

Куба

 

Кубаның Америка Құрама Штаттарымен турбулентті қарым-қатынасы Испания аралды басқаруды Вашингтонға берген 1898 жылғы Испания-Америка соғысынан кейінгі екі оккупация кезеңін қамтиды.

 

Куба АҚШ-тың екі оккупациясын бастан өткерді: біріншісі 1898 жылы Испания-Америка соғысынан кейін, екіншісі 1906 жылы аралды тұрақтандыру деген сылтаумен болған оккупация.

 

Бірінші оккупация (1898–1902) АҚШ-тың Кубаның тәуелсіздігін мойындауымен аяқталды, бұл оқиғаны кейбір тарихшылар Америка басшылығындағы «ұлт құрылысының» алғашқы прототипі ретінде қарастырады.

 

1906 жылы басталған екінші шапқыншылық АҚШ қолдаған үкімет ыдырағаннан кейінгі саяси тұрақсыздықтан туындады. Бұл оккупация 1909 жылы Американы қолдайтын президент Хосе Мигель Гоместің сайлануымен аяқталды.

 

Кубаны тұрақтандыруға бағытталған бұл интервенциялар аралдың қазіргі тарихын қалыптастыратын АҚШ ықпалына осалдығын көрсетті.

 

 

Никарагуа

 

Орталық Америкадағы халық саны ең көп ел  Никарагуа 20 ғасырдың басындағы «Банан соғысы» кезінде АҚШ интервенциясының нысанына айналды.

 

Никарагуа 1838 жылы тәуелсіздік алғанымен, оның либералдар мен консерваторлар арасындағы қақтығыстармен анықталған тұрақсыз саяси панорамасы американдық ықпалға жол ашты.

 

1912 жылы консерватор жетекшілерінің үндеуіне жауап берген АҚШ әскерлері елге басып кіріп, 1933 жылға дейін созылған әскери болмысын орнатты.

 

Жиырма жыл бойы Вашингтон аймақ тарихында маңызды рол ойнап, Никарагуаның саяси және экономикалық өмірінде төтенше билікке ие болды.

 

Гаити

 

Гаитидің АҚШ-тың араласуымен өткен тарихы тұрақсыздық үшін үздіксіз күресті бейнелейді.

 

1915 жылдан 1934 жылға дейін арал мемлекеті әлеуметтік-экономикалық дағдарысты жою сылтауымен жиырма жылға жуық уақыт американдық оккупацияға ұшырады.

 

Іс жүзінде бұл интервенция АҚШ-тың іскерлік мүдделерін, соның ішінде Гаити Америка қант компаниясы (HASCO) және Нью-Йоркте орналасқан Орталық банктің мүдделерін  қорғады.

 

Оккупация Гаитиде терең із қалдырды, саяси ортаны қайта құру барысында  шетелдік бақылауға қарсы наразылықты күшейтті. Ал бұл ел басқару және қауіпсіздік дағдарыстарымен күрес барысында әлі күнге өз әсерін тигізіп отыр.

 

 

Доминикан Республикасы

 

Сол сияқты Доминикан Республикасы 1916 жылғы төңкеріс батыстың экономикалық мүдделерінің осалдығын көрсеткеннен кейін АҚШ-тың араласуына тап болды. Қарыз бен саяси келіспеушіліктерден зардап шеккен ел Кариб теңізіндегі американдық бақылаудың тағы бір сахнасына айналды.

 

1924 жылға дейін созылған АҚШ оккупациясының мақсаты аймақты тұрақтандыру және Латын Америкасындағы ең ірі алтын кеніштерінің біріне кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету болды. Елдегі алтын кеніштерін қазіргі уақытта канадалық «Barrick Gold» (60% үлес) алтын компаниясы және АҚШ-тың «Newmont» алтын компаниясы (40% үлес) басқарып отыр.

Панама

 

1903 жылы АҚШ-тың қолдауымен Колумбиядан тәуелсіздігін жариялаған Панама 20 ғасырдың аяғына дейін Вашингтон салған және басқарған жаһандық сауда үшін маңызды артерия Панама каналы орналасқан ел болды.

 

Негізінен 1903-1914 жылдар аралығында Америка Құрама Штаттары салған Панама каналы 1977 жылға дейін Вашингтонға тиесілі болды. 1999 жылға дейін Панама мен АҚШ стратегиялық бұғазды бірлесіп басқарды.

 

1989 жылы президент Джордж В. Буштың басшылығымен Америка Құрама Штаттары CIA-дің бір кездегі одақтасы, артынан көтерілісшілердің әскери басшысы болған Мануэль Норьеганы биліктен тайдыру үшін шабуыл бастады.

 

Норьега елдің қарулы күштерін ыдыратқан АҚШ әскери операциясының нәтижесінде биліктен тайдырылды. АҚШ-тың оккупациясы 1990 жылдардың басында Американы қолдайтын бір президент ел президенті ретінде ант бергеннен кейін ғана аяқталды.

 

Трамптың Канадаға, Гренландияға және Панама каналына қатысты риторикалық мәлімдемелері асыра сілтеу сияқты көрінуі мүмкін, бірақ олар терең шындықты көрсетеді: Америка Құрама Штаттары Америка құрлығындағы ықпалын кеңейту үшін көптен бері  өзінің әскери және саяси күшін пайдаланып келеді.

Іздеу
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді