САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Израиль Францияның Палестинаны мойындау жоспарына қатаң наразылық білдірді
Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Францияның Палестинаны мемлекет ретінде тану жоспарына қатаң наразылық білдірді.
Израиль Францияның Палестинаны мойындау жоспарына қатаң наразылық білдірді
/ Reuters

Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар Францияның Палестинаны мемлекет ретінде тану жоспарына қатаң наразылық білдірді. Саар бұл әрекетті «террорға берілген сыйлық» деп бағалап, Палестина мемлекеті «қиялдан туған» құрылым деп мәлімдеді.

Франция Президенті Эммануэль Макрон France 5 телеарнасына берген сұхбатында елінің Палестинаны тануға дайындалып жатқанын және бұл шешімнің маусым айында Сауд Арабиясымен бірлесіп өткізілетін халықаралық конференцияда жариялануы мүмкін екенін айтты.

Саар өз мәлімдемесінде: «Кез келген ел тарапынан жасалатын мұндай біржақты тану — баршаға белгілі шындыққа қарсы, қияли Палестина мемлекетіне марапат беру және ХАМАС-ты күшейту деген сөз. Бұл қадамдар бейбітшілікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әкелмейді, керісінше оларды алыстата түседі», — деді.

Макрон болса «Біз тануға қарай қадам басуымыз керек, алдағы айларда бұл іске асады. Маусымда Нью-Йоркте өтетін екі мемлекет шешімінің жүзеге асырылуын талқылайтын конференция маңызды бетбұрыс болуы мүмкін», — деп мәлімдеді.

Макронның бұл мәлімдемесі 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газада 50 мыңнан астам адамды өлтірген соғысының аясында аймақтағы дағдарысқа саяси шешім табу туралы үндеулер күшейген кезеңге тұспа-тұс келді.

Франция Президенті бұған дейін 2024 жылдың ақпанында жасаған бір мәлімдемесінде Франция үшін Палестина мемлекетін тануға «еш кедергі жоқ екенін», бұл шешімнің әрі моральдық, әрі саяси міндет екенін айтқан еді. Ол сол жолы «Бұл — ұзақ уақыттан бері азап шеккен палестиналықтар алдындағы борышымыз. Бұл — осы ғасырдағы ең үлкен антисемиттік қырғынды бастан кешірген израильдіктер алдындағы борышымыз. Бұл — хаос пен кек алуға итермелеген күштерден арылғысы келетін аймақ алдындағы борышымыз», — деген болатын.

Палестинаны таныған елдердің саны артып келеді
Біріккен Ұлттар Ұйымының 193 мүше елінің 147-сі қазірдің өзінде Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таныған. 2023 жылдың мамыр айында Испания, Ирландия және Норвегия да бұл қатарға қосылып, Палестинаны таныған Еуропа Одағы елдерінің санын 10-ға жеткізді. Бұлардан бөлек Болгария, Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі, Мальта, Венгрия, Польша, Швеция және Румыния да Палестинаны ресми түрде таниды.

Еуропа аумағынан тыс елдер арасында Багам аралдары, Тринидад пен Тобаго, Ямайка және Барбадос сияқты мемлекеттер де Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таныған.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?