ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль Газа секторының шығыс бөлігін бомбалады
Израиль бақылауындағы аймақтарда артиллериялық атыс, қару дауыстары және қирату жұмыстары күшеюде.
Израиль Газа секторының шығыс бөлігін бомбалады
Израиль Газа секторының шығыс бөлігін бомбалады / Anadolu Agency

Израиль күштері сәрсенбі күні Газа секторының шығыс бөлігін бомбалап, 2025 жылдың 10 қазаннан бері күшінде болған бітімді кезекті рет бұзды. Аймақтағы бірқатар ғимаратты қиратты.

Куәгерлер мен жергілікті дереккөздер Анадолы агенттігіне шабуылдардың шығыстағы Израиль бақылауындағы аймақтарға бағытталғанын және соңғы апталарда бомбалау қарқыны айтарлықтай артқанын хабарлаған.  

Күні бойы артиллериялық атыс пен қақтығыстар жалғасқан. Сонымен қатар «сары сызық» деп аталатын аймақ маңында Израиль әскери техникаларының қарқынды қозғалысы байқалған. «Сары сызық» — бітім келісімі аясында Израиль күштері шегінген позицияларды көрсететін шекара. «Сары сызық» толықтай Израиль оккупациясындағы аумақтарды палестиналықтардың қалуына рұқсат етілген аймақтан бөліп тұр.

Израиль Газа секторының шығыс бөлігінің шамамен 53 пайызын бақылауда ұстап отыр.

Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнус қаласында Израиль күштері қаланың шығысында орналасқан ғимараттар мен нысандарды бомбалады.

Бомба сондай-ақ Хан Юнус шығысындағы Бани Сухейла, Шейх Насер және Тахлия аудандарына, сондай-ақ оңтүстіктегі Кизан Рашуан мен Кизан ән-Наджар аймақтарына да жетті. Куәгерлер Израиль күштерінің шығыс бөліктерге жарық беретін оқ-дәрілерді де атқанын жеткізді.

Газа секторының орталық бөлігінде Израиль артиллериясы Бурейж босқын лагерін және Дейр әл-Балах қаласының шығыс аудандарын нысанаға алды.

Ал солтүстікте күні бойы Газа секторының шығысы мен солтүстік бөліктеріне артиллериялық шабуылдар мен қақтығыстар жалғасты. Израиль күштері сондай-ақ Туффах ауданындағы ғимараттарды қиратты.

Бомбалау Зейтун, Шуджайя және Туффах аудандарының шығыс бөліктеріне, сондай-ақ Жабалия аймағының шығыс бөліктеріне де әсер етті.

Израильдің теңіз күштері Газа жағалауы мен солтүстік бөліктеріндегі босқын палестиналықтар паналап отырған шатырларға оқ атты.

Израиль бітім келісімін күн сайын бұзуда. Бұл шабуылдарда 713 палестиналық қаза тауып, 1940 адам жараланған.

Бітім екі жылға созылған соғысты тоқтатуды көздеген еді. Бұл соғыс барысында 72 000-нан астам адам қаза тауып, 172 000 адам жараланды. Азаматтық инфрақұрылымның 90 пайызы қирады. Қайта қалпына келтіру шығындары шамамен 70 миллиард доллар деп бағалануда.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Үнсіз қырғын»
Іздеу
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Израиль басып алынған Батыс Шериядағы босқын лагеріне рейд жүргізді
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Ресей Киевке ауқымды шабуыл жасады
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Ресей Киев облысында 14 адамды өлтірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Анкарада Ливия өкілдерімен кездесті
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
"Wildberries" 2027 жылы Қазақстанда 260 мың шаршы метрлік жаңа қойма алаңын ашуды жоспарлап отыр
Түркия Қаратеңізде шабуылға ұшыраған кемелердегі Түркия азаматтарының жағдайын жіті бақылап отыр