Израиль Ливанға соққы берді: екі адам қаза тапты

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі Бинт-Джбейл аймағында бір көліктің дрон шабуылына ұшырағанын хабарлады.

By
2026 жылы 2 қаңтарда Ливанда Израильдің әуе соққысынан кейін түтін көтерілді. / Reuters

Министрліктің мәліметінше, атысты тоқтату режиміне қарамастан жексенбі күні Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе соққысы салдарынан екі адам қаза тапты.

Мемлекеттік “NNA” ақпарат агенттігі Израильге тиесілі дронның Бинт-Джбейл ауданындағы Хирбет-Селм мен Әл-Джумайжимах елді мекендерін жалғайтын жолда бір автокөлікке соққы бергенін, нәтижесінде екі адамның көз жұмғанын хабарлады.

Израиль армиясы өз мәлімдемесінде шабуыл Әл-Джумайжимах аймағында «Хезболла» ұйымының бір мүшесін нысанаға алғанын алға тартты. Ал «Хезболла» ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Израиль мен Ливан Газа соғысы кезінде бір жылдан астам уақытқа созылған шекарааралық шабуылдардан кейін 2024 жылдың қараша айында атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл қақтығыстарда 4 мыңнан астам адам қаза тауып, 17 мың адам жараланды.