САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль әскері бітім келісіміне қарамастан Ливандағы күнделікті шабуылдарын және үйлерді тас-талқан етуді жалғастырып отыр.
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауылды эвакуациялауды бұйырды / Reuters

Израиль әскері сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде жоспарланған шабуылдар алдында Ливанның оңтүстігіндегі 12 ауыл тұрғындарын үйлерін дереу босатуға шақырды.

Израиль армиясының өкілі Авичай Адраи араб тілінде жасаған үндеуінде бұл ескерту Каусарият әл-Сияд, әл-Гассания, Мазраат әл-Даудия, Бдеяс, Рихан, Зеллая, әл-Базурия, Харуф, Хаббуш, Ансария, Каллауия және Дейр әз-Захрани ауылдарының тұрғындарына қатысты екенін айтты. Ол: «Үйлеріңізді босатып, кемінде 1000 метр қашықтықтағы ашық аймаққа барыңыздар», - деді.

Адраи бұл ескертудің алдағы шабуылдар алдында жасалғанын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр

Израиль әскері 17 сәуірде жарияланып, 17 мамырға дейін ұзартылған бітімге қарамастан, Ливанға күн сайын шабуылдауда. Сондай-ақ ондаған ауылдағы үйлерді тас-талқан етті. Бұл Газада жылдар бойы жалғасқан жағдайды еске салады.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, 2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылдары салдарынан 2 702 адам қаза тауып, 8 311 адам жараланды. Сондай-ақ 1,6 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл ел халқының шамамен бестен бір бөлігіне тең.

Израиль Ливанның оңтүстігіндегі кейбір аймақтарды ондаған жылдан бері, ал бірқатарын 2023–2024 жылдардағы соғыс кезінен бастап бақылауда ұстап отыр. Қазіргі қақтығыс барысында Израиль күштері оңтүстік шекарадан шамамен 10 шақырымға дейін енген.

Іздеу
Бішкектегі ШЫҰ Іскерлік форумында 150 миллион долларлық келісімге қол қойылды
АҚШ Түркияға реактивті қозғалтқыш сату үдерісін жеделдетуде
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы мен Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің төрайымы кездесті
Президент Ердоған: "Израильдің арандатушылығына қарамастан, аймақта бейбітшілік орнайды"
Сыртқы істер министрі Фидан ертең Канадаға аттанады
Түркияға қоныс аударғандардың саны 25,2 пайыз өсті
Польша президенті Түркиямен қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Ресей түнде Украинаның 323 дронын атып түсіргенін хабарлады
Рубио Таяу Шығыс сапарын бастады
Түркия баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде Еуропада көш бастап тұр
БҰҰ: «Суданда жыныстық зорлық-зомбылық  соғыс қаруы ретінде қолданылуда»
Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша жұмыс тобын құрды
ЕО мен Қазақстан арасында маңызды келісімдерге қол қойылды
11 түрік кемесі Ормуз бұғазынан қауіпсіз өтті
Франция Иракты жеңіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты