ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Германия 18 миллион шетелдікке баспана ұсынып, Еуропа Одағындағы ең ірі қабылдаушы ел болса, ал Испания соңғы уақытта бұл бағытта қарқынды өсім көрсеткен елге айналды.
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен / Reuters

Берлиндегі Көші-қонды зерттеу және талдау орталығының сәрсенбі күні жариялаған есебіне сәйкес, Еуропа Одағына мүше елдерде тұратын мигранттар саны 2025 жылы рекордтық деңгейге жетіп, 64,2 миллионды құраған. Бұл көрсеткіш бір жыл ішінде шамамен 2,1 миллион адамға артқанын білдіреді.

Есепте «Eurostat» пен БҰҰ Босқындар агенттігінің деректеріне сілтеме жасалып, 2010 жылы бұл көрсеткіш 40 миллион болғаны атап өтілді.

Германия шамамен 18 миллион мигрантты қабылдады. Олардың 72 пайызы еңбек жасында. Осылайша Германия Еуропа Одағында көш бастап тұр. Ал Испания соңғы кезеңде ең қарқынды өсім көрсетті. Мигранттар саны шамамен 9,5 миллионға жетті.

Есепті дайындағандардың бірі Томмазо Фраттини: «Еуропадағы мигранттар үшін Германия негізгі бағыт болып қала береді», - деді.

Зерттеу Еуропа Одағы елдерінде көші-қон үрдістері біркелкі таралмағанын көрсетті. Люксембург, Мальта және Оңтүстік Кипрде халық санына шаққанда мигранттардың үлесі жоғары.

Баспана сұрау өтініштері де кейбір елдерде артқан. Испания, Италия, Франция және Германия өтініштердің шамамен төрттен үшін қабылдаған. Ал Германия 2,7 миллион босқынды қабылдап, Еуропа Одағында босқындарға пана болған ел атанды.

Іздеу
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
Президент Ердоған: "Аймақта тұрақсыздыққа төзбейтінімізді досқа да, дұшпанға да жарияладық"
“Turkcell” роботтандырылған хирургиялық ота сынағын өткізді
Түркия әйелдер арасындағы волейболдан Еуропа чемпионатында Словенияны 3:1 есебімен жеңді
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады
Қазақстанда Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
Израиль күштері Сирияның оңтүстігіне басып кірді
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті