ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түрік қорғаныс фирмасы Малайзиямен тактикалық көлік келісіміне қол қояды
Түрік көлік өндірушісі «Katmerciler» Түркияның Стамбулдағы жетекші қорғаныс өнеркәсібі жәрмеңкесінде минаға төзімді «HIZIR» көлігі мен бірегей  жүргізушісіз көлікті таныстырады.
Түрік қорғаныс фирмасы Малайзиямен тактикалық көлік келісіміне қол қояды
/ AA

Түрік құрлық көлік өндірушісі «Katmerciler» осы апта Стамбулда өтетін Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі жәрмеңкесінде (IDEF 2025) жеңіл тактикалық көлік «EREN» 4x4 үшін Малайзиямен келісімге қол қоятынын хабарлады.

«Katmerciler» IDEF 2025 жәрмеңкесіне «HIZIR», қашықтан басқарылатын қару платформасы және бақылау жүйесімен («UKAP») жабдықталған Түркиядағы жалғыз «O-IKA 2» жүргізушісіз құрлық көлігінің арнайы нұсқасымен қатысады.

«HIZIR» - төзімді сауытты, V типті монокок корпусты және энергияны сіңіретін орындықтардың арқасында миналар мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан қорғайды. Бұл көлік далалық және қалалық қақтығыстарда жоғары нәтиже көрсететін 400 ат күші бар қозғалтқышпен жабдықталған. Қашықтан басқарылатын қару жүйесі қозғалыстағы нысандарды дәл көздей алады.

«HIZIR»-ды тоғыз адам тасымалдай алады. Ол сағатына 120 километр жылдамдыққа дейін жетеді және 70 пайыздық өрмелеу қабілетімен жұмыс істей алады.

Сондай-ақ «Katmerciler» компаниясының алғашқы жүргізушісіз құрлық көлігі концептісі  «UKAP» «Katmerciler» мен «Aselsan» сынды екі түрік қорғаныс өнеркәсібі компаниясының технологияларын біріктіреді. Ол «Aselsan»-ның қашықтан басқарылатын «SARP» қару жүйесімен және спутник байланыс жүйесімен жабдықталған.

«UKAP» 60 пайыздық өрмелеу қабілетіне және 40 пайыздық жанама көлбеу еңіспен қозғалу мүмкіндігіне ие. Ол 900 миллиметрлік төмпешікті еңсеріп,  400 миллиметрлік тік кедергіден өтіп, 1 метрикалық тоннаға дейін жүк тасымалдай алады.

Термал және қозғалысқа сезімтал камералары әрі түрлі сенсорлармен жабдықталған «UKAP» платформасы кең ауқымды функцияларды атқара алады: шекараны күзету және барлау құралы ретінде қызмет ету, миналарды залалсыздандыру тапсырмаларын орындау,  жүк, оқ-дәрі мен құрал-жабдық тасымалдау, қажет болған жағдайда ауыр техникаларды сүйреу. Сондай-ақ оны қақтығыс аймақтарынан жараланған әскери қызметкерлерді эвакуациялау үшін оқ өткізбейтін бөлімі бар құтқарушы көлік ретінде қолдануға болады.   

«Katmerciler» компаниясының атқарушы кеңесінің төраға орынбасары Фуркан Катмерджи Анадолы агенттігіне берген сұхбатында компания IDEF 2025 көрмесі кезінде Малайзияның «DEFTECH» компаниясымен «EREN» 4×4 әскери көлігіне қатысты жаңа ынтымақтастық келісімін ресми түрде бекітетінін және екі компанияның бас директорлары қол қою рәсіміне қатысатынын мәлімдеді.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты