САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Сирия мен Қытай ынтымақтастығын тереңдетті
Қытай Сирияның саяси процесіне, терроризм мен есірткіге қарсы күресіне қолдау білдіреді.
Сирия мен Қытай ынтымақтастығын тереңдетті
Сирия Сыртқы істер министрі Асад әл-Шайбани 2025 жылы 13 ақпанда Парижде Сирия бойынша халықаралық конференцияға қатысты. [МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ] / Reuters

Сирия мен Қытай қауіпсіздік және терроризмге қарсы бағыттарда ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Дүйсенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Асад Хасан Шайбани Пекинде Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван Имен өткізген келіссөздерден кейін жарияланған ортақ мәлімдемеде екі тараптың терроризмге қарсы күрес пен қауіпсіздік салаларында үйлестіру мен ынтымақтастықты күшейту жөнінде келісімге келгені айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, екі министр «конструктивті екіжақты кездесу» өткізіп, Сирия–Қытай қатынастары және ортақ халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Тараптар Сирия мен Қытай арасындағы «тарихи достықтың маңызын» атап өтіп, қарым-қатынасты өзара құрмет және ішкі істерге араласпау қағидаттарына сүйене отырып қорғап, дамытуға міндеттеме алды.

Сонымен қатар екі тарап экономика мен даму, Сирияны қалпына келтіру, сириялықтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту сияқты салаларда ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

«Толық құрмет»

Ван И Сирияның саяси процесіне, сондай-ақ терроризм мен есірткіге қарсы күресіне қолдау көрсететінін айтты және Израиль басып алған Голан жоталарын «халықаралық деңгейде оккупацияланған Сирия жері» деп атады.

Мәлімдемеге сай, Қытай Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына және ұлттық бірлігіне «толық құрмет» білдіретінін және Сирия үкіметін «Сирия халқының жалғыз заңды өкілі» деп танитынын қайта растады.

Ал Сирияның мемлекеттік “SANA” агенттігі Cыртқы істер министрлігіндегі дереккөзге сілтеме жасап, Дамасктың ұйғыр жауынгерлерін Қытайға тапсыруды жоспарлап отырғаны жөніндегі хабарламаларды жоққа шығарды.

Бұған дейін Шайбани Пекинге сапар жасаған кезде бірқатар медиа құралдары Сирияның ұйғыр жауынгерлерін Қытайға беруді көздеп отырғаны туралы ақпарат таратқан еді.

Іздеу
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді
FETÖ-нің қорғаныс өнеркәсібіндегі диверсиялары  және соңғы 10 жылдағы отандық қорғаныс серпілісі
Сыртқы істер министрі Фидан Украинаға сапармен барады
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Министр Фидан Украина мәселесіне арналған саммитке қатысты
Президент Ердоған Катарға барады
АҚШ-тың Иранға қарсы шабуылдары жалғасуда
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?