ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу сынақтары сәтті өтіп жатқан Түркияның алғашқы отандық электрлі жүрдек пойызы сағатына 250 шақырым жылдамдыққа жеткенін мәлімдеді.
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты
Отандық жүрдек пойыз 250 км/сағ жылдамдықпен рекорд жаңартты

Түркия Көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоглу: «Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша динамикалық сынақтарда Гебзе-Эскишехир учаскесінен кейін Эскишехир-Полатлы бағытында да маңызды кезеңнен өттік. Сағатына 250 шақырым жылдамдыққа жетіп, сынақтарды сәтті жалғастырып жатырмыз», – деді.

Уралоглу жазбаша мәлімдемесінде Түркияның теміржол көлігі өнеркәсібі компаниясы (TÜRASAŞ) отандық мүмкіндіктермен өндірген елдің алғашқы отандық жүрдек пойызының сынақтары туралы ақпарат берді.

Бұған дейін пойыздың сағатына 240 шақырым жылдамдыққа жеткенін еске салған министр соңғы сынақтарда жылдамдық рекорды жаңартылғанын айтып, былай деді: «Сағатына 225 шақырым пайдалану жылдамдығына есептелген жүрдек пойыз құрамының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша динамикалық сынақтарын Гебзе-Эскишехир бағытында бастадық. Сынақ Эскишехир-Полатлы бағытында да сәтті жалғасып жатыр. Осы аяда отандық электрлі жүрдек пойызымыз сағатына 250 шақырым жылдамдыққа жетті. Отандық электрлі жүрдек пойыздың сынақтары белгіленген бағдарламаға сәйкес әртүрлі жылдамдық пен пайдалану жағдайларында жалғасуда. Пойызды қауіпсіз, жайлы және жоғары өнімділікпен пайдалануға беру үшін сынақ және тексеру жұмыстарын мұқият жүргізіп жатырмыз. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша динамикалық сынақтарда Гебзе-Эскишехир учаскесінен кейін Эскишехир-Полатлы желісінде де маңызды кезеңнен өттік. Сағатына 250 шақырым жылдамдыққа жетіп, сынақтарды сәтті жалғастырып жатырмыз».

«Пойызды заманауи әрі жайлы етіп жобаладық»

Уралоглу 577 жолаушыға арналған, алюминий корпусты 8 вагоннан тұратын пойыз құрамдары автоматты тоқтату жүйесімен, электромеханикалық жолаушы есіктерімен, толық автоматты климат-бақылау, өрт туралы ескерту, дыбыстық және визуалды жолаушыларды ақпараттандыру, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті.

Ол аса маңызды жүйелердің бірі саналатын «Пойызды басқару және бақылау жүйесі» мен «Тарту жүйесінің» ASELSAN компаниясымен бірлесіп, толықтай отандық технологиялар негізінде әзірленіп, өндірілгеніне назар аударды.

Уралоглу сөзін былай жалғастырды: «Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін азық-түлік пен сусын алуға арналған автоматтар және асүй бөлімдері қарастырылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған екі жолаушы орны мен мүгедектер арбасымен платформадан пойызға және пойыздан платформаға қауіпсіз кіріп-шығуға мүмкіндік беретін көтергіштер орнатылды. Пойыздарымызды қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерге сай, жайлылық пен заманауи технологияларды үйлестіре отырып жобаладық».

Іздеу
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды