10 желтоқсан "Әлемде бүгін"
00:00
00:0000:00
10 желтоқсан "Әлемде бүгін"
TRT қазақ редакциясынан бүгінгі күннің басты жаңалықтарын тыңдап отырсыздар.

Израиль Газа секторының солтүстігінде 25 палестиналықты өлтірді

Израиль армиясы блокададағы Газа секторының солтүстігіндегі Бейт Ханун қаласында екі отбасы паналаған үйді түнде шабуылдап, 25 адамды өлтірді.

Куәгерлердің хабарлауынша, Израиль әскері екі Аль-Кахлут жанұясының 25 мүшесі паналаған үйді бомбалады.  25 кісі үйінді астында қалды.

Қайтыс болғандардың туысы Израильдің жаңа қырғын жасап, екі отбасын толығымен жойғанын айтты. Ол қауіпсіздік шараларының жоғары болуына байланысты құтқару жұмыстарының мүмкін еместігін, мәйіттердің құлаған үй қирандыларының астында және көшеде қалғанын айтты.


Нетаньяху Газадағы соғысты «қазір» аяқтамайтынын айтты


Израиль премьер-министрі Нетаньяху атысты тоқтатуға байланысты жаңа күш салғанына қарамастан блокададағы Газадағы соғысты «қазір» тоқтатпайтынын айтты.

Нетаньяху Иерусалимдегі баспасөз мәслихатында «Егер біз соғысты қазір аяқтасақ, ХАМАС қайтып келеді, қайта топтасады, қайта толығады және бізге қайтадан шабуыл жасайды. Біз мұны қаламаймыз деді.


Израиль 1974 жылғы Голан жоталарының буферлік аймағындағы келісімді бұзды – БҰҰ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Израильдің Сириядағы Голан жоталарын буферлік аймағындағы әскери әрекеттері Израиль мен Сирия арасында 1974 жылы қол қойылған күштерді шығару туралы келісімді «бұзатынын» ескертті.

БҰҰ бітімгершілік қызметі израильдік сұхбаттастарына бұл әрекеттердің келісімді бұзу болып табылатынын және буферлік аймақта ешқандай әскери күш немесе әрекеттер болмауы керек екенін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі сондай-ақ Израиль армиясының буферлік аймаққа енгенін және аймақтағы кемінде үш жерде орналасқанын растады».

Сириядағы өтпелі кезең бұрынғы қылмыстар үшін «жауапкершілікті» қамтамасыз етуі керек – БҰҰ.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басшысы Фолькер Тюрк Башар Асадтың биліктен кеткеннен кейін Сирияда кез келген саяси өтпелі кезең оның билігі кезінде жасалған қылмыстар үшін жауапты басқа тұлғалардың жауапкершілігін қамтамасыз етуі керектігін айтты.

Женевада журналистерге берген сұхбатында Фолькер Тюрк кез келген саяси өтпелі кезең ауыр құқық бұзушылықтарды жасағандарға жауапкершілік жүктеуді және кінәлілердің жазаланатынын қамтамасыз етуді талап ететінін мәлімдеді.

«Асад та жауапкершілікке тартылуы қажет пе?» деген сұраққа ол «Сирияның бұрынғы президенті және жоғары басшылық қызметінде болған кез келген тұлғаға қатысты ауыр қылмыстар жасалған болуы мүмкін екендігі туралы негізді дәлелдер бар», – деп жауап берді.

Гананың бұрынғы президенті Джон Драмани Махама қайтадан президент болып сайланды.

Гананың бұрынғы президенті Джон Драхами Махама экономикалық дағдарысты басқару бойынша үкіметке наразылық білдірген сайлаушылардың шешімімен билік партиясының жеңілгенін мойындағаннан кейін тарихи жеңіске қол жеткізді.

Сенбі күні өткен сайлаудан кейін "Жаңа патриоттық партияның" кандидаты вице-президент Махамуду Баумия ганалықтардың өзгерісті қалағанын мойындап, өзінің жеңілгенін қабылдады. Ол бағаның өсуіне байланысты халықтың наразылығын жеңе алмады.

Оның жеңілісі "Жаңа патриоттық партиясының" Президент Нана Акуфо-Аддо басшылығындағы сегіз жылдық билігін аяқтады. Соңғы мерзімінде Батыс Африка елінде ең ауыр экономикалық дағдарысы, жоғары инфляция және қарыздық дефолт сияқты қиындықтар болды.

Көбірек тыңда
Әлемде бүгін |24.06.2026
Түркия өз навигация жүйесін құруда
“KAAN”-ның жаңа прототиптерінде қандай өзгеріс бар?
Балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінен туындайтын залалдың құнын кім төлейді?
Ғарыштағы жасанды интеллект жарысы
Жасұнық тұтыну
Зейін де демалуы керек: Психологиялық тұрғыдан тынығу мүмкін бе?
Түрік дастарқанының мәңгілік серігі – шайдың ғасырлық хикаясы
Қартаюдың шын себебі неде?
Цифрлық дәуірдің жаңа қаупі: Мидың шіруі