11 желтоқсан "Әлемде бүгін"
00:00
00:0000:00
11 желтоқсан "Әлемде бүгін"
TRT қазақ редакциясынан бүгінгі күннің басты жаңалықтарын тыңдап отырсыздар.

Израильдің Нусейрат лагеріне түнде жасаған шабуылында 7 палестиналық қаза тапты

Қоршауда қалған Газадағы дәрігерлер Израильдің Нусейрат лагеріндегі бір үйге түнде жасаған әуе шабуылынан кемінде жеті палестиналық қаза тауып, көп адам жараланғанын хабарлады.
Израильдің шабуылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүгін Газада атысты дереу тоқтатуды көздейтін қарар жобасына дауыс беру алдында жасалды.
Қарар жобасы «атысты тез арада, сөзсіз және түбегейлі тоқтатуға» шақырумен қатар, «кепілге алынғандардың барлығын дереу және шартсыз босатуды» көздейді.

2024 жылы 104 журналист өлтірілді, оның жартысынан көбі Газада

Халықаралық журналистер федерациясы биылғы жыл журналистер үшін «өлімге толы» жыл болғанын, бүкіл әлем бойынша 104 журналист қаза тауып, олардың жартысынан көбі Газада болғанын мәлімдеді.
Баспасөз тобының деректеріне қарағанда, 2024 жылы Израильдің Газаға жасаған шабуылында 55 палестиналық БАҚ қызметкері қаза тапқан.
2023 жылдың 7 қазанынан бері кем дегенде 138 палестиналық журналист өлтірілген.
Ресей шабуылынан үш адам қаза тауып, Украинаның Запорожье қаласындағы емхана қирады

 Украинаның оңтүстік-шығысындағы Запорожье қаласындағы жеке емхананы нысанаға алған  ресейлік зымыран шабуылында үш адам қаза тауып, 16 адам жараланды.
Билік өкілдері үйінділер астында тағы көп адам қалғанын мәлімдеді.
Облыс губернаторы Иван Федоров үйінділер астында қалған кем дегенде тағы сегіз адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын айтты.
Құлаған Асад режимі 70-тен астам азаптау әдісін қолданған

Сирияда күйреген Баас режимінің билігі кезінде Седная түрмесі мен ондаған орталықта мыңдаған адам азаптауға ұшыраған.
Сириялық адам құқықтары желісінің  мәліметінше режим күштері азаматтық соғыс кезінде кемінде 1,2 миллион сириялықты тұтқындап, түрлі азаптау әдістерін қолданған.
Сириялық адам құқықтары желісінің  мәліметінше сәйкес Баас режимі физикалық, психологиялық және жыныстық зорлық-зомбылықты қамтитын 72 азаптау әдісін қолданған.
Режим сондай-ақ тұтқындарды мәжбүрлеп ауыр жұмыс жасатып, жалғыз камераға қамап, адамның негізгі құқықтарын бұзған.

Эйги жанұясы Блинкенмен кездесіп, Айшегүл Эзги Эйгидің өліміне қатысты  тергеуді АҚШ-тан талап етеді

Израиль басып алған Батыс Шерияда өлтірілген Түркия-Америка азаматы Айшенур Эзги Эйгидің жанұясы оның өліміне қатысты АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездеседі.
Эйгидің тумасы Өзден Беннетт мәлімдемесінде Блинкен мен Мемлекеттік департамент өкілдерінің үш айдан бері Айшенур қылмысына байланысы бар Израиль үкіметінің тергеуін күтулерін сұрап келгендерін айтты.

Көбірек тыңда
Әлемде бүгін |18.09.2026
Кофе адам денесіне қалай әсер етеді?
Көк теңіздің тереңінде: Түркия су асты технологияларында серпіліс жасады
Ақуыз: молынан ба, мөлшерімен бе?
Раушан: жұпарға оранған дәмнің хикаясы
Балаларда қатерлі ісік. Сақ болайық!
Жоғары технологияға қажет «сирек» элементтер
Жасанды интеллект енді соғыс алаңында да көш бастауда
Қатерлі ісік қаупін азайтудың қандай жолдары бар?
ТҮНЕКТЕН ЖАРҚЫН КҮНГЕ: 15 ШІЛДЕНІҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ