ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Батыс Шерияда екі палестиналық қаза тапты
Ресми деректерге сәйкес, 2023 жылдың қазан айынан бері басып алынған Батыс Шерияда Израиль шабуылдары күшейіп, 1 063-тен астам палестиналық қаза тапты.
Батыс Шерияда екі палестиналық қаза тапты
Батыс Шерияда екі палестиналық қаза тапты / AA

Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, басып алынған Батыс Шерияда заңсыз израильдік қоныстанушылар мен Израиль армиясы ұйымдастырған шабуыл салдарынан екі палестиналық қаза тапты.

«WAFA» ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, 19 жастағы Ахмед Рубхи әл-Атрашты Хебронның солтүстік кіреберісінде бір заңсыз қоныстанушы атып өлтірген.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль әскері Қызыл Кресттің дәрігерлеріне әл-Атрашқа көмек көрсетуге жол бермеген, ал жараланған жігіт қансырап көз жұмған. Кейін отбасы мәйітін алып кеткен.

Сондай-ақ Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 17 жастағы Жамиль Атыф Ханнанидің жексенбі күні кешке Наблус маңындағы Бейт-Фурик қалашығында Израиль армиясының рейді кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болғанын хабарлады.

Палестина Қызыл Жарты ай ұйымының дерегінше, Ханнанидің кеудесіне оқ тиген. Рафидия мемлекеттік ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.

Палестиналық дереккөздердің мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың қазан айынан бері басып алынған Батыс Шерияда Израиль шабуылдары күшейіп, 1 063-тен астам палестиналық қаза тапқан. 10 300 адам жараланған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 жасар палестиналық жасөспірімді өлтірді

Халықаралық сот биыл шілде айында тарихи шешім қабылдап, Израильдің Палестинаны оккупациялауын заңсыз деп таныды. Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі барлық қоныстарды тез арада эвакуациялауға шақырды.

Іздеу
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Украина: «Ресей армиясы түнде әуе шабуылын жасады»
АҚШ ғарышқа қару орналастырғанын алғаш рет растады
Йемендегі қақтығыстардың шиеленісуі 137,000-нан астам баланың оқуына кедергі келтіруде
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі мектепті қиратты
Иран: «Ормуз бұғазының батысында “MQ-1” типіндегі ҰАА атып түсірдік»
Грекияда заңсыз мигранттарды тасымалдаған қайық батып, 1 адам қаза тапты, 25 адам жоғалып кетті
Батыс Фракия түріктері Искечедегі Чынар мешітіне жасалған шабуылды айыптады
Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі төрт қалада төтенше жағдайға байланысты ескерту жарияланды
Ресей: "Украинаның батыс аймақтарындағы теміржол инфрақұрылымына шабуылдарды жалғастырдық"
Ширек ғасырлық жара: 11 қыркүйек қасіретіне 25 жыл
Польша Украинамен шекарадағы қауіптің алдын алды
Ресей мен Украина арасындағы соғыс қарқын алуда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты