ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 жасар палестиналық жасөспірімді өлтірді
Палестиналық дереккөздердің хабарлауынша, Рамалла маңындағы Силуад елді мекеніне жасалған рейд кезінде Израиль әскерлері оқ-дәрі, көзден жас ағызатын газ және дыбыс гранаталарын қолданған.
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 жасар палестиналық жасөспірімді өлтірді
Израиль армиясы Батыс Шерияда 15 жасар палестиналық жасөспірімді өлтірді / AA

Израиль күштері басып алынған Батыс Шерияның Рамалла қаласына қарасты Силуад елді мекеніне жасаған рейд кезінде 15 жастағы палестиналық жасөспірімді өлтірді. Әскерлер оқ-дәрі, көзден жас ағызатын газ және дыбыс гранаталарын қолданған. Қақтығыс барысында Ямен Самед Хамед есімді жасөспірім оққа ұшты. Бұл туралы Палестинаның «WAFA» ақпарат агенттігі бейсенбі күні жергілікті дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздердің айтуынша, Израиль армиясы жаралы баланы алып кетуге келген жедел жәрдем көлігінің оқиға орнына жетуіне кедергі келтірген. Бала біраз уақыт жерде жатқаннан кейін ғана дәрігерлерге жақындауға рұқсат берілген. Кейін Рамаллада орналасқан Палестина медициналық кешені жасөспірімнің қаза тапқанын растады.

Палестиналық дереккөздерінің мәліметінше, 2023 жылдың қазан айынан бері басып алынған Батыс Шерияда Израиль шабуылдары айтарлықтай күшейген. Осы уақыт аралығында 1 062-ден астам палестиналық қаза тауып, шамамен 10 300 адам жараланған.

Өткен шілде айында Халықаралық сот Израильдің Палестина жерлерін басып алуын заңсыз деп танып, Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі барлық еврей қоныстарын эвакуациялауға шақырған болатын.

Іздеу
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Кувейт пен Мысырдағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Ұйқының сапасы маңызды ма, әлде ұзақтығы ма?
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы: «Ормуз бұғазында «MQ-1» үлгісіндегі дрон атып түсірілді»
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Трамп: "Мен бүкіл Иранды жарып жіберуім мүмкін"
Алепподағы әскери нысанда болған жарылыстардан 4 адам жарақат алды
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты