ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Израильдің әуе шабуылдарынан жедел жәрдем көліктері мен құтқару топтары оқиға орнына уақытында жете алмады.
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Журналист Амаль Халиль Ливанның әл-Тайри қаласындағы оқиғалардан хабар таратып жүрген кезде Израиль соққысынан қаза тапты. (Мұрағаттық сурет) / AP

Ливанның “El Ahbar” газетінің журналисі Амаль Халиль Израильдің Ливанның оңтүстігіндегі Әт-Тири қаласына жасаған әуе шабуылы салдарынан қаза тапты.

Халильдің мәйіті еркін фототілші Зейнеб Фаражбен бірге олар паналаған ғимарат қирандыларының астынан сәрсенбі күні шығарылды.

El Ahbar газетінде қызмет атқарған Халильден соңғы рет шамамен сағат 16:10-да отбасы мүшелері мен Ливан армиясына қоңырау шалған кезде хабар түскен еді.

Ливанның ақпарат министрі Пол Моркос пен елдің ресми Ұлттық жаңалықтар агенттігіде Халильдің қаза тапқанын растады.

Ливандағы El Cedid телеарнасының хабарлауынша, Халиль мен Фараж жақын маңдағы Бинт-Джубайл қаласына жасалған шабуылдарды бақылау үшін қызмет бабымен жүрген кезде Әт-Тиридегі жолда азаматтық көлікке жасалған Израиль шабуылынан бірнеше секунд өткен соң олар паналаған ғимарат тікелей нысанаға алынған.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің екі журналисті паналаған орынды нысанаға алып, оларды аңдығанын мәлімдеді.

Журналистерді әдейі нысанаға алу

Шабуылдардың жалғасуы мен келтірілген зақым салдарынан жедел жәрдем мен құтқару топтарының аймаққа уақытында жете алмағаны хабарланды.

El Ahbar тілшісі Халиль 2023 жылы қазанда басталған Израиль мен Хезболла арасындағы соғысты Ливанның оңтүстігіндегі көптеген нүктеден бақылап жүрген.

Журналистерді қорғау комитеті Халильдің мәйіті шығарылмай тұрып халықаралық қауымдастықты Израиль армиясына құтқару жұмыстарына рұқсат беру үшін қысым жасауға шақырған болатын.

Ливан премьер-министрі Нәууаф Салам журналист Амаль Халильдің өлтірілуін айыптап, оның нысанаға алынуын және құтқару топтарының оған жетуіне кедергі келтірілуін ашық соғыс қылмысы деп атады.

Салам X әлеуметтік желісіндегі парақшасында оңтүстікте қызмет етіп жүрген БАҚ өкілдерінің Израиль тарапынан нысанаға алынуын енді жекелеген оқиғалар ретінде қарастыруға болмайтынын айтты.Салам мұндай әрекеттердің халықаралық құқық пен нормалар бойынша айыпталатынын мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді
Ресей шабуылдарынан Киевте 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланды
Ресейдің Башқұртстан аймағындағы мұнай өңдеу зауыты шабуыл салдарынан зақымданды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Иран Мәжілісінің төрағасы Калибаф Иракқа сапарын Сүлейманиге тағзым етуден бастады
Сирияда газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды