САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ арнайы күштері Таяу Шығысқа жеткізілді
Арнайы күштер Америка Құрама Штаттарының аймақтағы әскери әлеуетін күшейтті.
АҚШ арнайы күштері Таяу Шығысқа жеткізілді
АҚШ арнайы күштері Таяу Шығысқа жеткізілді / AP

«The New York Times» басылымының хабарлауынша, Дональд Трамп Иранға қатысты келесі қадамын қарастырып жатқан кезеңде, АҚШ-тың арнайы күштеріне тиесілі жүздеген сарбаз Таяу Шығысқа жеткізілді. Бұған дейін де аймаққа мыңдаған теңіз жаяу әскері мен десанттық құрлық күштері орналастырылған болатын.

Басылымға аты-жөнін жарияламауды өтінген шенеуніктердің айтуынша, бұл құрамға Құрлық әскерінің арнайы бөлімдері мен Әскери-теңіз күштерінің «SEAL» жасақтары кіреді, алайда олардың әзірге нақты міндеттері бекітілмеген.

Жоғары дайындықтан өткен құрлық бөлімдері Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін немесе Парсы шығанағындағы маңызды мұнай орталығы Харг аралы бағытындағы операцияларға қатысу үшін орналастырылған болуы мүмкін.

Сондай-ақ олар Исфахан ядролық нысанындағы жоғары деңгейде байытылған уранды нысанаға алатын операцияларға да тартылуы ықтимал.

Аймаққа бұған дейін шамамен 2 500 теңіз жаяу әскері мен 2 500 теңізші жіберілген.

Қазіргі таңда Таяу Шығыста 50 мыңнан астам америкалық әскер бар, бұл әдеттегі көрсеткіштен 10 мыңға көп.

Бірнеше нұсқа қарастырылуда

Шенеуніктердің айтуынша, АҚШ президенті әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы өтетін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын қайта ашу жолдарын қарастыруда.

Ормуз бұғазы Иран күштерінің АҚШ пен Израиль шабуылдарына жауап ретінде жасаған соққыларынан кейін жабылды.

Әдетте аймақтағы АҚШ әскери күші Сауд Арабиясы, Бахрейн, Ирак, Сирия, Иордания, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері және Кувейт аумақтарындағы базалар мен кемелерде шамамен 40 мыңға жуық болады.

4 500 адам тасымалдайтын «USS Gerald R. Ford» техникалық ақауларға байланысты аймақтан шығарылып, қазіргі уақытта Еуропада тұр.

Өткен аптада Пентагон 82-ші әуе-десант дивизиясынан шамамен 2 000 әскери қызметкерді аймаққа жіберді, алайда олардың нақты орналасқан жері жарияланған жоқ.

Әскери сарапшылар Иранның аумағы мен халқының көптігін ескере отырып, елде ауқымды құрлық операциясын жүргізу үшін 50 мың әскердің өзі жеткіліксіз болуы мүмкін екенін ескертуде.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Таяу Шығысқа 10 000 әскер жіберуі мүмкін

 

Іздеу
Ресей, АҚШ және Қытай басшылары үшжақты кездесу өткізуі мүмкін
Түркия бастаған 7 ел Израильдің палестиналықтарды күштеп көшіру жоспарын айыптады
АҚШ өкілдері Киевке алғаш рет сапарлай барды
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді
Трамп Иранмен соғысты аяқтау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Трамп: «Иранға жасалған шабуылдар Израиль мен Таяу Шығысқа көмектесу мақсатында жүзеге асырылды»
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
"АҚШ президенті Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким "кез келген уақытта" кездесуі мүмкін"
Ресей: «Украинаның энергетика, әскери және порт нысандарын нысанаға алдық»
«Егер АҚШ міндеттемелеріне қайта оралса, Иран да дереу тиісті қадам басады»
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады