ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Таяу Шығысқа 10 000 әскер жіберуі мүмкін
Бұл жоспар жаяу әскер мен броньды техникаларды қамтиды.
АҚШ Таяу Шығысқа 10 000 әскер жіберуі мүмкін
АҚШ Таяу Шығысқа 10 000 әскер жіберуі мүмкін / AP

БАҚ-та жарияланған мәліметтерге сәйкес, Пентагон АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранмен ықтимал бейбіт келіссөздерді талқылап жатқан кезде, әскери операцияларды күшейту мақсатында Таяу Шығысқа 10 мың әскер жіберу мүмкіндігін қарастыруда.

ҚатыстыТрамп Иранмен келіссөздердің “өте жақсы” өткенін айтты - TRT Қазақ - TRT Қазақ

«The Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл жоспар жаяу әскер  мен броньды техникаларды қамтитынын мәлімдеген.

Қосымша күштер аймаққа бұрыннан жіберілген шамамен 5 мың теңіз жаяу әскері мен 82-ші әуе-десанттық дивизияның мыңдаған парашютшілеріне қосылады.

Әскерлердің нақты қай жерге орналастырылатыны әзірге белгісіз. Алайда шенеуніктер олардың Иран аумағына және ел жағалауындағы маңызды мұнай экспорт орталығы саналатын Харг аралына жақын жерге орналасуы мүмкін екенін атап өтті.

Трамп АҚШ одақтастарының қолдауымен немесе қолдауынсыз Ормуз бұғазын ашуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Анна Келли: «Әскер орналастыруға қатысты ресми мәлімдемелер Қорғаныс министрлігі тарапынан жасалады», – деді.

Сондай-ақ ол: «Президент Трампта әрдайым әскери нұсқалар бар», – деп қосты.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті