САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Кремль Украинаға қысымды күшейтетінін хабарлады
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресейдің алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін Украина басшылығына қысымды күшейтуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Кремль Украинаға қысымды күшейтетінін хабарлады
Песков елінің Киевке жасаған әуе шабуылдарынан кейін мәлімдеме жасады (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ)

Дмитрий Песков Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің күн тәртібіндегі бірқатар мәселеге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Калластың Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу және Мәскеуге қысымды күшейту туралы мәлімдемесіне пікір білдірген Песков: «Ресей белгіленген мақсаттарға жету үшін Киев билігіне қысымды арттыруды жалғастырады», – деді.

Песковтың айтуынша, Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов Ресей президенті Владимир Путинге Украинаның астанасы Киевке және басқа да елді мекендердегі нысандарға жасалған ауқымды шабуылдардың нәтижелері туралы баяндаған.

Дмитрий Песков шабуылдардың тек әскери немесе әскери мақсаттағы нысандарға бағытталғанын айтып, Еуропаның болса Ресеймен арадағы шиеленісті ушықтырып отырғанын мәлімдеді.

Ол сондай-ақ Еуропалық Одақтың «милитаризация» және Ресеймен текетірес жолына түскенін, ал Мәскеу мұндай үрдістерді елемей қала алмайтынын атап өтті.

Бұған дейін Украина Әуе күштерінің қолбасшылығы Ресей армиясы бүгін Украинаға 74 зымыран және 496 қаруландырылған ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасағанын хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Иранның Сыртқы істер министрінен Францияға жауап
Украина: «Новороссийск әскери-теңіз базасына шабуыл жасадық»
АҚШ пен Иран атысты тоқтату мерзімін ұзартуға келісті
Иран президенті Пәкістан Ішкі істер министрімен кездесті
АҚШ президенті Трамп келіссөздер мәселесінде Иранға сенбейтінін айтты
Пәкістан Ішкі істер министрі Иранда
Иран Сыртқы істер министрі Аракчи: «Соғыста да, дипломатияда да жеңіске жеттік»
Кувейт Түркия мен Сауд Арабиясы арасындағы қорғаныс келісіміне байланысты Пәкістанды құттықтайды
Солтүстік Корея Ресейге 50 мың сарбаз жібереді
Иран: “АҚШ міндеттемелерді орындамайынша, келіссөздер қайта басталмайды”
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты