ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресей армиясының Украинаның астанасы Киевке жасаған әуе шабуылы салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға, ал жараланғандар саны 86 адамға жетті.
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Ресейдің Киевке әуе шабуылы (МҰРАҒАТ)

Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің (DSNS) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Мәлімдемеде Ресейдің түнгі уақытта Киевке әуе шабуылын жасағаны айтылды.

Сондай-ақ шабуылдан зардап шеккен аумақтарда іздестіру-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны атап өтілді.

Мәлімдемеге сәйкес, қаза тапқандар саны 13 адамға жеткен. Сонымен қатар DSNS құтқарушылары 34 адамды құтқарып қалған.

Киев қаласының мэрі Виталий Кличко да әлеуметтік желідегі парақшасында шабуыл салдарынан жараланғандар санының 86 адамға жеткенін мәлімдеді.

Кличко бұған дейін таңертең ерте жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Киевке түн ортасынан бастап шабуыл жасай бастағанын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, қалаға зымырандар мен қаруланған ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) ұшырылған. Соның салдарынан қаланың әртүрлі ауданданындағы тұрғын үйлер мен ғимараттар зақымданған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Киевте Ресей шабуылдарынан тоғыз адам қаза тапты
Іздеу
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Сирия сыртқы істер министрі Пәкістанға барды
Ирак мұнайының тасымалы артып, Түркияның өңірдегі ықпалы күшеймек
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі Израильдің Сирияға жасаған шабуылына қатысты пікір білдірді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты