ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия жаңа жерсерік арқылы ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтуде
«Fergani» өндірген «FGN-100-D3» жерсерігі жүйелік сынақтар үшін «SpaceX» арқылы ғарышқа жіберіліп, орбитаға сәтті орналасты. Сонымен қатар шалғай аймақтармен деректер байланысын қамтамасыз ететін «LUNA-2» жерсерігі де сәтті ұшырылды.
Түркия жаңа жерсерік арқылы ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтуде
Түркия жаңа жерсерік арқылы ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтуде / Anadolu Agency
31 Наурыз 2026

Түркиялық «Fergani Space» компаниясы дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бесінші сынақ жерсерігі «FGN-100-D3»-тің АҚШ-та жүзеге асырылған «SpaceX» миссиясы аясында ұшырылып, орбитаға сәтті жеткенін хабарлады.

Түркияның қорғаныс компаниясы «Baykar» таратқан мәліметке сәйкес, салмағы 113 килограмм болатын жерсерік «SpaceX»-тің «Transporter-16» миссиясы шеңберінде Түркия уақытымен 14:02-де (11:02 GMT) Калифорниядағы Ванденберг ғарыш базасынан ұшырылды. Ұшырылғаннан кейін 66 минут өткен соң жерсерік зымыран-тасымалдағыштан ажырап, 500–520 шақырым биіктіктегі орбитаға жетті.

Ұшыру үдерісін Стамбул қаласындағы Өздемир Байрактар Ұлттық технологиялар орталығында орналасқан Ғарышты бақылау және басқару орталығынан «Fergani Space» мамандары тікелей бақылап отырды.

«Baykar» басшысы Селчук Байрактар «Nsosyal» платформасында жариялаған жазбасында компанияның жетекші жобалары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

«Fergani Space» бұл жерсеріктің алдыңғы үлгілермен салыстырғанда маңызды технологиялық серпіліс екенін атап өтті. Атап айтқанда реакциялық дөңгелек, магниттік таяқша, магнитометр, инерциялық өлшеу блогы (IMU) және «GNSS» қабылдағышы секілді негізгі жүйелерді толықтай компания әзірленген.

Сонымен қатар жерсерік күрделі миссияларға арналған жасанды интеллектпен жабдықталған борттық компьютермен қамтылған. Отандық жүйелер мен авиониканың орбитада тексерілуі Түркияның ғарыш технологияларында тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды қадам ретінде бағалануда.

ҚатыстыTRT Қазақ - «ASELSAN» «IoT» жер серігін ұшырды

«LUNA-2»  «LUNA-1»-дің  жолында

Тағы бір жаңалық Түркияның қорғаныс алыбы «Aselsan» ғарышқа негізделген «Заттар интернеті» бағдарламасы аясында екінші шағын жерсерігі «LUNA-2»-ні Калифорниядан «SpaceX» зымыраны арқылы сәтті ұшырғанын хабарлады.

Жерсерік аз қуат жұмсап, кең аумақты қамтитын арнайы байланыс жүйесі арқылы шалғай өңірлерде сенсорлық деректерді қауіпсіз әрі үздіксіз жеткізу үшін жасалған. «Aselsan» компаниясының мәліметінше, «LUNA-2» жобасының барлық кезеңдері жобалау, әзірлеу, өндіру, біріктіру және сынақтан өткізу толықтай компания ішінде жүзеге асырылған.

Ұшу бағдарламасы, жердегі басқару жүйесі, жүктеме ретінде қолданылатын қабылдағыш-таратқыш құрылғысы және деректерді жеткізу блогы да «Aselsan» инженерлері тарапынан отандық мүмкіндіктермен жасалған.

Компания «LUNA-2» жерсерігінің ұшырылуы компанияның ғарышқа негізделген технологиялар саласындағы әлеуетін күшейтіп, Түркияның тәуелсіз, бәсекеге қабілетті және тұрақты ғарыш технологиялары жүйесін қалыптастыру мақсатына үлес қосатынын атап өтті.

«Aselsan» осы сериядағы алғашқы «LUNA-1» жерсерігін өткен жылдың желтоқсан айында «SpaceX Falcon 9» зымыранымен орбитаға жіберген болатын.

Іздеу
Түркияның бұрғылау кемесі Сомалиде тарихи миссиясын бастады
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын өткізді
БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Ливанға шабуылдарын айыптады
Израиль 6 апталық үзілістен кейін Әл-Ақса мешіті мен Қасиетті Қабір шіркеуін қайта ашады
АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
Ливан  бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
«Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіне зымыран шабуылын жасады
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
«Қытай, Ресей, Түркия және Пәкістан Таяу Шығыста бейбітшілік үшін күш біріктіре алады»
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
Трамп Ормуз бұғазының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АҚШ-тың рөліне назар аударды