ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«ASELSAN» «IoT» жер серігін ұшырды
Спутник алыс аймақтардағы «IoT» қолданбаларын қолдауға арналған және кең ауқымды, төмен қуатты, ұзақ мерзімді байланыс пен деректерді аз кідіріспен жеткізуді қамтамасыз етеді.
«ASELSAN» «IoT» жер серігін ұшырды
«ASELSAN» «IoT» жер серігін ұшырды / AA

Түркияның қорғаныс компаниясы «Aselsan» «LUNA-1» атты төмен орбиталы «Заттар интернеті» (IoT) жер серігін «SpaceX Falcon-9» зымыранымен ұшырғанын хабарлады.

«Aselsan» дүйсенбі күні түрік әлеуметтік желісі «Nsosyal» арқылы жасаған мәлімдемесінде «ASELSAN»-ның төмен Жер орбитасындағы «IoT» жер серігі «LUNA-1» «SpaceX Falcon-9» зымыранымен ұшырылды және Анкарадағы станциямыз алғашқы телеметриялық сигналдарды қабылдады», -  деп хабарлады.

Жүктемелер, жерүсті басқару бағдарламалық қамтылымы және ұшу компьютерімен бірге жобалау, әзірлеу, өндіріс, интеграция және сынақ үрдісі  «Aselsan» инженерлері тарапынан жасалған «LUNA-1» ұшырылғаннан кейін шамамен бір сағат өткен соң тасығыш зымыраннан ажырап, 510 км биіктіктегі Күн-синхронды орбитаға орналасты. Жер серігінен алынған алғашқы телеметриялық деректер Анкарадағы жер станциясында сәтті оқылып, аппараттың дұрыс жұмыс істеп тұрғаны расталды.

«Aselsan»-ның мәлімдеуінше, бұл жер серігі спутниктік «IoT» байланысын қамтамасыз етіп, инфрақұрылым жоқ өңірлерден деректер жинай алады, кең аумаққа арналған сенсорлық байланыс, төмен қуатты әрі ұзақ мерзімді «IoT» қосылымы, сондай-ақ төмен кідірісті деректерді беру мүмкіндігін ұсынады.

Басқа бір мәлімдемеде, әлемде төмен орбиталы жер серіктері арқылы ғаламдық байланыс инфрақұрылымын құру қарқын алғаны айтылып, «Aselsan»-ның «Жаңа ғарыш» кезеңінде маңызды актер болу мақсатына қарай шешуші қадам басқаны атап өтілді.

«Aselsan» бас директоры Ахмет Акйол: «Төмен орбиталы «IoT» жер серігіміз «LUNA-1» енді ғарышта. «LEO» орбита шешімдеріне қатысты жұмыстарымызды жеделдетеміз», - деді.

Бұл қадаммен Түркия төмен орбитада дерек алмасуды қамтамасыз ететін ұлттық «IoT» спутниктік желісін құру жолында жаңа кезеңге өтті.

«LUNA-1» тіпті сенсорларды онлайн күйде ұстау қиын аймақтардың өзінде тұрақты байланысты қамтамасыз етуді мақсат етеді. Төмен орбиталы спутник нақты уақыт режимінде, үздіксіз және арзан «IoT» қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді