ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
"Global Sumud" флотының “Mikeno” кемесі Палестина су айдынына жетті
Израильдің 20-дан астам заңсыз тосқауылына қарамастан “Mikeno”  кемесі Палестина су айдынына жете алды.
"Global Sumud" флотының “Mikeno” кемесі Палестина су айдынына жетті
Израиль күштері 20 кемеге шабуыл жасаған, ал қалған 24 кеме Газаға қарай жолын жалғастыруда (Сурет: Global Sumud Flotilla Tracker) / User Upload

Газаға бет алған “Global Sumud” флотының гуманитарлық конвойында болған 223 халықаралық белсенді Израиль күштері тарапынан қамауға алынды. Алайда түрік капитаны Мұхаммед Күчүктигин басқарған “Mikeno”  кемесі 20-дан астам заңсыз кедергіге қарамастан бөгеттерді бұзып өтіп, Палестина су айдынына жетті.

“Global Sumud” флоты бейсенбі күні “X” платформасы арқылы жасаған мәлімдемесінде сәрсенбі түнінен бері Израиль күштерінің 15 кемеге шабуыл жасағанын, сонымен қатар тағы сегіз кеменің шабуылға ұшыраған болуы мүмкін екенін немесе әлі де шабуыл астында тұрғанын хабарлады.

Флот шабуылға ұшыраған кемелердегі 223 белсендінің аты-жөндері мен азаматтықтарын “Instagram” арқылы жариялады. Сонымен қатар флоттың ресми трекері Израиль күштерінің 20 кемеге шабуыл жасағанын, ал 24 кеменің Газаға қарай сапарын жалғастырып жатқанын көрсетті.

Ғаламдық миссияға қатысушы түрік белсендісі Ердем Өзвереннің айтуынша, өзі де отырған кеме Газаға 30 теңіз милінен де жақын жерде орналасқан.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Газаға бет алған флоттағы азаматтарының тұтқындалуына байланысты тергеу бастады

Газаға бет алған 50-ден астам кеме

Гуманитарлық және медициналық жүк тиелген кемелерден құралған флот тамыз айының соңында жолға шықты. Көп жылдан кейін алғаш рет 50-ден астам кеме 45-тен астам елден келген 500-ден астам азаматтық еріктімен бірге Газаға бет алды.

Израиль шамамен 2,4 миллион халқы бар Газаны 18 жылдан бері қоршауда ұстап келеді. Наурыз айында шекара өткелдерін жауып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуді тоқтатып, блокаданы одан әрі күшейтті. Бұл жағдай аймақты ашаршылыққа ұшыратты.

2023 жылғы қазаннан бері Израильдің әуе шабуылдарынан 66 мыңнан астам палестиналық қаза тапты, олардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мен адам құқықтары ұйымдары аймақтың өмір сүруге жарамсыз болып бара жатқанын, ашаршылық пен аурулардың жылдам тарап жатқанын бірнеше рет ескертті.

Іздеу
Оңтүстік Корея Солтүстік Корея мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықты мұқият бақылауда
Теледидар алдында ұзақ уақыт отыру ми көлемінің кішіреюіне әкеледі
“CENTCOM қолбасшысы Трампқа Ормуздағы шабуылдарды тоқтатуды ұсынған”
АҚШ-тағы тағам фестивалінде болған қарулы шабуылдан 2 адам қаза тапты
Триполиде наразылық акциялары өтті
Түркияның волейболдан әйелдер құрамасы екінші рет чемпион атанды
Шара: «Президент Ердоған Сирияға қарсы санкцияларды жоюға араағайын болды»
Ресей шабуылынан Киев облысында 6 адам қаза тапты
Президент Ердоған Айя-София мешіті туралы жазба жариялады
Түрік ұшқыштар Ұлыбританияға барады
Иран президенті Ирак премьер-министрімен кездесті
АҚШ армиясы Ирандағы әскери нысандарға соққы берді
Ресей Украинадағы үш портқа шабуыл жасағанын хабарлады
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Иран шабуылдарынан кейін Бахрейн мен Кувейтте дабыл қағылды