ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Түркия Газаға бет алған флоттағы азаматтарының тұтқындалуына байланысты тергеу бастады
Азаптау, бостандықтан айыру, көлік құралдарын ұрлау немесе басып алу, ауырлатылған тонау, мүлікке зиян келтіру айыптары бойынша тергеу басталды.
Түркия Газаға бет алған флоттағы азаматтарының тұтқындалуына байланысты тергеу бастады
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Израиль 223 халықаралық белсендіні қамауға алды / AP

Қинау, бостандықтан заңсыз айыру, көлік құралдарын алып кету немесе ұстау, ауыр қарақшылық және мүлікті бүлдіру қылмыстарына қатысты тергеу ашылды.
Стамбул Бас прокуратурасы Израильдің халықаралық су айдынында «Global Sumud» флотына жасаған шабуылы кезінде 24 түрік азаматының қамауға алынуына байланысты тергеу бастағанын хабарлады.

Прокуратура бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде гуманитарлық көмек жеткізу мақсатымен Газаға бет алған «Global Sumud» флотына Израиль әскери-теңіз күштері тарапынан халықаралық су айдынында жасалған шабуылдан кейін 24 түрік азаматының тұтқындалуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын жариялады.

Аталған тергеу «бостандықтан заңсыз айыру», «көлік құралдарын алып кету немесе ұстау», «ауыр қарақшылық», «мүлікті бүлдіру» және «қинау» баптары бойынша, БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі конвенциясына, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 15-бабындағы өкілеттілік қағидаларына және Түрік Қылмыстық кодексінің 12 және 13-баптарындағы юрисдикция ережелеріне сәйкес жүргізілуде.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Global Sumud» флотына шабуыл: Стамбул мен Еуропада наразылықтар басталды

223 халықаралық белсенді тұтқындалды

Ұйымдастырушылардың бейсенбі күнгі мәлімдемесіне сәйкес, Газаға көмек жеткізген конвойда болған 223 халықаралық белсенді Израиль күштері тарапынан тұтқындалды.

«Global Sumud» флоты сәрсенбі түнінен бастап 15 кеменің Израиль күштерінің шабуылына ұшырағанын растады және тағы сегіз кеменің шабуылға ұшыраған немесе әлі де шабуыл астында болуы мүмкін екенін хабарлады.

Флот кемелердегі 223 белсендінің аты-жөндері мен азаматтықтарын “Instagram” арқылы жариялады. Сонымен қатар флоттың ресми бақылаушысы 20 кеменің Израиль шабуылына тап болғанын, 24 кеменің болса Газаға қарай жолын жалғастырып бара жатқанын хабарлады.

Израиль шамамен 2,4 миллион халқы бар Газаны 18 жылдан бері қоршауда ұстап отыр. Биыл наурызда шекара өткелдерін жауып, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге тосқауыл қою арқылы бұл блокаданы одан әрі күшейтті. Бұның салдарынан Газа ашаршылық алдында тұр.

2023 жылғы қазан айынан бері Израильдің әуе шабуылдарынан әйелдер мен балаларды қоса алғанда 66 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. БҰҰ мен адам құқықтары ұйымдары аймақтың өмір сүруге жарамсыз болып бара жатқанын, аштық пен індеттердің тез таралып жатқанын бірнеше мәрте ескертті.

Іздеу
АҚШ әскері Тынық мұхитының шығысында есірткі тасымалдады деген күдікпен бір кемені батырды
Ресей Мәскеуге қарай ұшқан 37 дронның атып түсірілгенін мәлімдеді
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
Нью-Йорктегі Таймс-скверде қанды шабуыл жасалды
Израиль Сирияның оңтүстігіндегі ауылға рейд жасады
Шығыс Иерусалимдегі мектептер Израильдің қысымы салдарынан жаңа оқу жылын бастай алмады
ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы Бішкекте басталды
Африка Одағының көшбасшылары төтенше жиналды
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
«Ozon» компаниясының екі логистикалық нысанына дронмен шабуыл жасалды
Газа Бейбітшілік кеңесі: “ХАМАС қару-жарағын тапсырып, басқарудан бас тартуға келісті”
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Непалдағы су тасқыны мен көшкін салдарынан ондаған адам қаза тапты