Президент Ердоған Анкара әуежайы және оған жалғасатын жолдардың ашылу рәсімінде сөз сөйледі.
Анкараның 25 ауданындағы барлық азаматқа сәлемі мен ыстық ықыласын жолдаған Ердоған:
«Аздан соң пайдалануға ұсынылатын бұл жобалардың ең алдымен Анкарамызға, сондай-ақ елімізге, халқымызға және авиация саласына игілік әкелуін тілеймін», – деді.
Президент бұл жобалардың жоспарлау кезеңінен бастап құрылыс жұмыстарына дейін үлес қосқан Көлік және инфрақұрылым министрлігін, Ұлттық қорғаныс министрлігін, Мемлекеттік әуежайлар басқармасын, Автомобиль жолдары бас басқармасын, мердігер компанияларды және барлық қатысушыларды құттықтап, «Жұмысшыларымызға, сәулетшілерімізге, инженерлерімізге және осы нысандардың салынуына еңбек сіңірген баршаға өз атымнан және халқымның атынан алғыс айтамын», – деді.

«Анкараның дипломатиялық орталық ретіндегі маңызы жыл сайын артып келеді»
Ердоған сөзін былай жалғастырды: «2026 жыл барлық салада биік мақсаттарды көздеген Түркия үшін саммит жылы ретінде жалғасып жатыр. Біз барлық мекеме және кадрларымызбен осы маңызды жылдың талаптарын орындау үшін аянбай еңбек етудеміз. Түркия ғасырына қарай бара жатқан жолда ешкімнің бізді мақсаттарымыздан тайдыруына, жігерімізді әлсіретуіне және бірлігімізді бұзуына жол бермейміз. Біз тек 86 миллион азаматымыздың ғана емес, тағдырын біздің тағдырымызбен байланыстырған жүздеген миллион бауырларымыздың да жарқын болашағы үшін еңбек етіп жатырмыз».
Президенттің 5–7 маусым күндері Стамбулда ұйымдастырылған «Нөлдік қалдық» форумына 183 елден келген 5 мыңнан астам адам келгенін хабарлады.
Қазан айында Түркияда 77-ші Халықаралық ғарыш конгресі мен Түркі Мемлекеттері Ұйымының 13-ші көшбасшылар саммиті ұйымдастырылады.
Қарашада 197 елден 100 мыңнан астам қатысушы келуі жоспарланған БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) өтеді.
Ал оның алдында, 7–8 шілдеде Анкарада НАТО көшбасшыларының саммиті ұйымдастырылады.
Ердоған: «Түркия тек халықаралық іс-шараларды өткізетін ел ретінде ғана емес, сонымен бірге шетелдік делегациялар көп келетін тартымды орталыққа айналып отыр. Әсіресе, Анкараның дипломатиялық қатынастардағы орны жыл сайын күшейіп келеді», – деді.























