ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Оңтүстік Мармара өңірлік кеңесінің төрағасы Энгин Балта: «Мамыр айынан кейін Изникте туристер саны айтарлықтай артады»,- деді.
Изник  ̶  шетелдік туроператорлардың жаңа бағыттарының бірі
Изник

Рим, Византия, Селчук және Осман империясынан қалған ескерткіштерімен танымал, талай өркениеттің ізі сақталған Бурсаның Изник ауданы шетелдік туристік агенттіктердің тур бағдарламасына енгізілді. Мамыр айынан кейін өңірге шетелдік туристер көптеп келмек.

Анадолы агенттігінің мәліметінше, өткен жылы қаладағы қонақүйлерде 365 мың 78 шетелдік және 1 миллион 395 мың 975 жергілікті турист қонған.

Түркия туристік агенттіктер қауымдастығы, Оңтүстік Мармара өңірлік кеңесінің төрағасы Энгин Балта өткен жылы Бурсада туризм қарқынды дамып, турист санының артқанын жеткізді.

Балта өткен жылы Бурсаға Индонезия мен Малайзиядан қонақтардың көптеп келгенін атап өтіп, «Индонезия мен Малайзиядан бөлек, Таяу Шығыс елдерінен, әсіресе Кувейттен көптеген турист келді. Бурса олардың екінші үйіне айналды. Кейін Еуропадан да туристер келе бастады. Бұл елдерден келетін туристер саны күн сайын артып келеді. Бұл біз үшін керемет жаңалық. Биыл шетелдік туристер саны артады деп болжап отырмыз», – деді ол.

Төраға Рим папасы 14-ші Леоның өткен жылдың 28 қарашасында Изникке жасаған сапарынан кейін діни туризмнің маңызы айтарлықтай артқанын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Рим Папасы XIV Лео Түркияда

Оның айтуынша, Папаның сапары әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланып, Изниктің халықаралық деңгейде танылуына зор үлес қосқан. Сондықтан шетелдік туристер бұл өңірге келуге қызығушылық танытып отыр.

Балта шетелдік туристер үшін Изникте бірнеше туристік бағыт әзірленгенін айтып, «Изникке байланысты бірнеше жоба мен турпакеттерімізді дайындадық. Бұл бағдарламаларды шетелдік агенттіктерге жібердік. Олар туристерге осы турларды ұсынуда. Шетелдік туристер келгеннен кейін бұл турларды әріптестерімізбен бірлесіп ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Германия, Англия, Нидерланд және Швейцария сияқты елдерден бұл бағыттарға сұраныс жоғары», – деді.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты