ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
Йемен армиясы соңғы 24 сағатта хоуситтердің бекіністер мен қосымша күштеріне қарсы 1272 операция жүргізіліп, 500-ге жуық хоуситтің залалсыздандырылғанын хабарлады.
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
Йемен астанасы Санада мыңдаған хоусит әл-Хусидің мәлімдемелерін қолдау үшін жиналды (МҰРАҒАТТЫҚ СУРЕТ).

Йемен армиясы соңғы 24 сағатта хоуситтердің бекіністер мен қосымша күштеріне қарсы 1272 операция жүргізіліп, 500-ге жуық хоуситтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

Йемен армиясының ресми өкілі, полковник Мәжид Абдулла ән-Нәзили “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында операциялардың «Йемен таңы» әскери операциясы аясында жүргізілгенін мәлімдеді.

Нәзили соңғы 24 сағат ішінде хоуситтердің шоғырланған орындары, бекіністері, атыс нүктелері, көлік және жабдықтау құралдары нысанаға алынған 1272 операция жүргізілгенін айтты.

Операциялар нәтижесінде арасында майдандағы қолбасшылар да бар 500-ге жуық хоуситтің залалсыздандырылғанын атап өткен Нәзили хоуситтерге тиесілі 169 көлік құралы, әскери техника мен ауыр қарудың жойылғанын немесе пайдалануға жарамсыз күйге келтірілгенін жеткізді.

Нәзили үкімет күштерінің елдің солтүстігіндегі Әл-Жауф, орталық бөлігіндегі Мариб пен Әл-Байда, оңтүстігіндегі Лахж және оңтүстік-батысындағы Таиз провинцияларында барлық майдан шебінде операцияларын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ әуе күштері мен артиллериялық бөлімшелердің қолдауы әскери жасақтардың алға жылжуына ықпал еткенін атап өтті.

Ал Әл-Жауф провинциясындағы үкімет күштері хоуситтердің бақылауындағы провинция орталығы Әл-Хазм қаласының алдыңғы қорғаныс шебін құрайтын стратегиялық маңызы бар Хувейшиян тауларын толық бақылауға алғандарын хабарлады.

Йемен Президенттік кеңесінің төрағасы Рашад әл-Улейми мемлекеттік мекемелерді хоуситтердің бақылауынан қайтарып алу және ел астанасы Сананы бақылауға алу мақсатында басталғанын жариялаған «Йемен таңы» операциясы 5 қазаннан бері жалғасып келеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Йемен күштері: «Таиздің батысындағы қақтығыстарда 30 хоусит қаза тапты»
Іздеу
Президент Ердоған Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесу өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға келеді
БҰҰ Угандадағы азық-түлік тапшылығы туралы ескертті
Мьянмада еліне оралған жүздеген азаматтың ұсталғаны хабарланды
Президент Ердоған үкімет отырысынан кейін халыққа үндеу жасады
Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран аймақтық қауіпсіздік мәселесін талқылады
Түркия жандармериясы Испаниядан 101 медальмен оралды
Нигериядағы қарулы шабуылдан 48 адам қаза тапты
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістанның жоғары лауазымды өкілдері Иранға барады
Түркі Мемлекеттері Ұйымының саммитінде ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады
Тегеранда төрт елдің жоғары лауазымды өкілдері кездеседі
Воронеж облысында екі адам қаза тапты
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
Президент Трамп Иранға қарсы қатаң мәлімдеме жасады
Емине Ердоған Имам Бұхари кесенесіне барды