ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Анкарада қаза тапқан Ливия әскери делегациясына арналған рәсім өтті
Түркия Анкарадағы қайғылы ұшақ апатында қаза тапқан ливиялық әскери лауазымды тұлғаларға дұға бағыштап, құрмет көрсетті.
Анкарада қаза тапқан Ливия әскери делегациясына арналған рәсім өтті
Анкарада қаза тапқан Ливия әскери делегациясына арналған рәсім өтті / AA

Сенбі күні Түркия астанасы Анкарада ұшақ апатында қаза тапқан, ішінде Ливия Бас штабының бастығы армия генералы Мұхаммед Әли әл-Хаддад бар ливиялық әскери делегация мүшелерінің мәйіттерін Ливияға жөнелту алдында қоштасу рәсімі өтті.

Ливия әскери делегациясын тасымалдаған жекеменшік ұшақ 23 желтоқсанда Анкарада құлап, делегацияның бес мүшесі мен үш экипаж мүшесін қосқанда, борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан болатын.

Рәсім Мүртед әуе базасы қолбасшылығында өтті. Қатысушылар бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетіп, артынан Құран Кәрім оқылып, қаза тапқандар үшін дұға қылды.

Марқұмдардың есімдері оқылғаннан кейін, ливиялық делегация мүшелерінің мәйіттері ұшақпен Ливияға жөнелтілді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Анкарада ұшақ апаты

Рәсімге Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Бас штаб бастығы армия генералы Селчук Байрактароғлу, Құрлық күштері қолбасшысы армия генералы Метин Токел, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Эрджүмент Татлыоғлу, Ливияның Түркиядағы елшісі Мұстафа Элгелаиб, Ливия әскери делегациясының мүшелері мен марқұмдардың отбасылары қатысты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия президенті Ливияға көңіл айтты

Қаза тапқандардың арасында Ливия Бас штабының бастығы армия генералы Мұхаммед Әли әл-Хаддад, Ливия Құрлық күштерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Футури Грибел, Ливия Әскери зауыттар директоры бригадалық генерал Махмұт Жұма әл-Гитевий, Ливия Бас штабы бастығының кеңесшісі Мұхаммед Ассави және фотограф Мұхаммед Омар Ахмед Махжуб бар. Бас штаб бастығы армия генералы Селчук Байрактароғлу ливиялық әскери делегацияның мәйіттері елдеріне жөнелтілгеннен кейін, сонда өтетін әскери рәсімге қатысу үшін Ливияға аттанды.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді