САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Германия канцлері Фридрих Мерц кейбір мәселелерді қазірден бастап бақылауға алу қажет екенін ескертті.
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Германия канцлері Фридрих Мерц кейбір мәселелерді қазірден бастап бақылауға алу қажет екенін ескертті. / Reuters

Германия канцлері Фридрих Мерц жаһандық дүрбелең аясында еуропалықтарды сыртқы тәуелділікті азайтуға шақырды.

Мерц дүйсенбі күні Франкфурт қор биржасының Эшборн қалашығында өткен Жаңа жыл қабылдауында қазіргі кезде саяси белгісіздік пен тұрақсыздықтың ең ауқымды кезеңі, әрі сөзсіз терең бетбұрыс сәті бастан өткеріліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл — өткенмен жасалған үзіліс.

Сондай-ақ ол еуропалықтардың бүгінде ең алдымен ережелерге бағынудан гөрі күш саясатын жүргізетін ірі державалар қайта бой көрсеткен әлемде өмір сүріп жатқанын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО: «Одақтастар Арктика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірлесе жұмыс істейді»

Фридрих Мерц Германияның Еуропаның бірігуі және соның нәтижесінде сыртқы тәуелділікті азайтуында орталық рөл атқара алатынын айтып, еуропалықтар бірлікпен әрі табандылықпен әрекет етсе, әлемде айырмашылық жасай алатынын, кейде өздері ойлағаннан да көбірек жетістікке жете алатынын мәлімдеді.

Мерц егемен, еркін, бейбіт және экономикалық тұрғыдан өркендеген Еуропаға апарар жол ашық екенін айта отырып, Еуропаның өзін-өзі қорғай алуы, еуропалық экономиканың қызмет ету ортасын қайтадан бәсекеге қабілетті етуі және технологиялық тұрғыдан тәуелсіз болуы қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, трансатлантикалық қатынастар өзгергенімен, өткен кезеңдерге деген сағыныш пен естеліктер көмектеспейді. Егер Еуропа осы жаһандық өзгеріс үдерісінде рөл атқарғысы келсе, істерді қазірден бастап бақылауға алуы тиіс.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «НАТО қауіпсіздігі үшін Түркияның «F-35» бағдарламасына қайта оралуы қажет»
Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті