САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран кез келген шабуылды басқыншылық ретінде бағалайтынын мәлімдеді
Трамптың ықтимал әскери әрекетке байланысты мәлімдемелерінен кейін Тегеран тіпті шектеулі шабуылдың өзі қатаң жауапқа әкелетінін мәлімдеді.
Иран кез келген шабуылды басқыншылық ретінде бағалайтынын мәлімдеді
Иран кез келген шабуылды басқыншылық ретінде бағалайтынын мәлімдеді / AFP

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға шектеулі соққы жасауды қарастырып отырғанын айтқанын кейін, Тегеран билігі дүйсенбі күні қандай да бір шабуыл, тіпті шектеулі болса да, басқыншылық әрекет ретінде бағаланатынын және оған жауап қайтарылатынын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бекаи: «Менің ойымша «шектеулі шабуыл» деген нәрсе жоқ. Басқыншылық әрекет ˗ ол басқыншылық әрекет, болды. Кез келген мемлекет өзін-өзі қорғау құқығы аясында мұндай әрекетке қатаң жауап береді. Біз де дәл солай әрекет етеміз», - деді.

Таяу Шығыста АҚШ-тың ірі әскери күштерінің шоғырлануынан кейін, Вашингтонның Иранға қарсы әскери әрекет туралы қауіптері күшейді.

Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи «CBS News» арнасына берген сұқбатында «Егер АҚШ бізге шабуыл жасаса, онда өзімізді қорғауға толық құқығымыз бар», - деді. Сонымен қатар ол дипломатиялық шешімге қол жеткізу мүмкіндігі жоғары екенін де атап өтті.

Иран президенті Масуд Пезешкиан да әлеуметтік желідегі жазбасында америкалық тараппен өткен алдыңғы келіссөздерде жігерлендіретін белгілердің болғанын хабарлады.

Женевада өткен соңғы келіссөздерден кейін Иран әскери операцияны болдырмайтын келісімге қол жеткізу үшін ұсыныс жобасын дайындағанын мәлімдеді.

Аракчи: «Меніңше, осы бейсенбі Женевада қайта кездескенде, сол мәселелерді талқылап, жақсы мәтін дайындап, тез арада келісімге қол жеткізе аламыз», - деді.

Соңғы апталарда АҚШ Таяу Шығысқа екі әуе тасымалдаушы кемесін, сондай-ақ жойғыш ұшақтар мен кемелер жіберіп, ықтимал әскери операция қаупін күшейту үшін аймақтағы әуе қорғанысын нығайтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ шабуылына жауап берілетінін мәлімдеді
Іздеу
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
Гутерриш Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті
АҚШ Иранға сайлауға дейін соққы беруі мүмкін
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды