САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Иран АҚШ шабуылына жауап берілетінін мәлімдеді
Иран БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке АҚШ президенті Дональд Трамптың ниеті әскери шабуыл қаупі екенін айтып, Тегеран соғысты қаламайтынын мәлімдеді.
Иран АҚШ шабуылына жауап берілетінін мәлімдеді
Иран АҚШ шабуылына жауап берілетінін мәлімдеді / TRT World

Иран Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатында, аймақта «дұшпан күші» деп сипатталған тараптың базалары, нысандары мен активтері Иранға әскери шабуыл жасалған жағдайда заңды нысана ретінде қарастырылатынын хабарлады.

Иранның БҰҰ жанындағы Тұрақты миссиясы бейсенбі күні жолдаған хатында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты мәлімдемелері «нақты әскери шабуыл қаупін көрсетеді» деп атап өтіп, Иранның соғысты қаламайтынын жеткізді.

Хатта Иран әскери шабуылға ұшыраған жағдайда жауап қайтаратыны айтылды.

Трамп Иранның алдағы 10 күн ішінде Вашингтонмен маңызды келісімге қол жеткізуі керек екенін, әйтпесе «жағдай жаман болатынын» ескерткеннен кейін Иран реакция білдірді. Сонымен қатар Трамп аймаққа әскери кемелер мен  ұшақтар және басқа да әскери техника жіберді.

Трамп Газада тұрақтылық орнатуға бағытталған Бейбітшілік кеңесінің ашылу отырысында сөйлеген сөзінде
«Жылдар бойы Иранмен келісім жасау оңай емес екенін көрдік. Біз маңызды келісімге келуіміз керек, әйтпесе жаман болады», - деді.

Келісім жасалмаған жағдайда Вашингтон «бір қадам алға басуға мәжбүр болуы мүмкін» екенін ескерткен Трамп: «Мұны, бәлкім, алдағы 10 күн ішінде көресіздер», - деді.

Беньямин Нетаньяхудың Иранға қатысты ескертуінен кейін Трамп мәлімдеме жасады. Нетаньяху: «Егер Аятоллалар қателік жасап, бізге шабуыл жасаса, олар елестете де алмайтын жауап алады», - деген болатын.

Иранға шабуыл жасау үшін әскери күш шоғырлануда

Бұл ескертулер АҚШ пен Иранның Оманның араағайындығымен Женевада өткізген келіссөздерінің екінші кезеңінен бірнеше күн өткен соң жасалды. Келіссөздерде АҚШ Иранның ядролық қару иеленуіне жол бермеуді мақсат етеді, ал Иран мұндай ниеті жоқ екенін айтып, АҚШ санкцияларынан босатуды талап етуде.

АҚШ аймаққа әскери кемелер мен  ұшақтарды, жанармай құю ұшақтарын орналастырып, Трамп бұйрық берген жағдайда Иранға қарсы шабуыл жасауға негіз қалады.

Вашингтон аймаққа екінші әуе тасымалдаушы кемені жіберуді бұйырды. Спутник суреттеріне сәйкес, олардың біріншісі «USS Abraham Lincoln» әуе тасымалдаушысы. Ал тағы 80 ұшақ жексенбі күні Иран жағалауынан шамамен 700 шақырым қашықтықта орналастырылған.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ Таяу Шығысқа тағы бір әскери кеме жіберді

Иран да осы апта басында Ислам революциясы сақшылар корпусының Ормуз бұғазында әскери жаттығу өткізуі арқылы өзінің әскери күшін көрсетуге тырысты.

Иран саясаткерлері мұнай мен газ тасымалы үшін аса маңызды халықаралық өткел саналатын бұғазды жабамыз деп бірнеше рет қорқытты. АҚШ–Иран қақтығысы жөніндегі алаңдаушылық осы апта мұнай бағасының өсуіне әсер етті.

Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, Ормуз бұғазы теңіз арқылы тасымалданатын әлемдік мұнай көлемінің төрттен бірін және сұйытылған табиғи газдың бестен бірін өткізеді.

Іздеу
Зеленский Ресейдің ауқымды шабуылға дайындалып жатқанын мәлімдеді
Еуропалық Одақ: «Бізге Түркия қажет»
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы меморандумға «делдал» ретінде қол қойды
Ормуз бұғазын қайта ашу жөніндегі тарихи келісім күшіне енуде
АҚШ–Иран келісімі ресми мәртебе алды
Израильдік министр Түркия-Катар-Пәкістан ынтымақтастығы туралы мәлімдеді
Иран баспасөзі: “АҚШ-пен қол жеткізілген келісім мәтіні қол қойылғаннан кейін жарияланады”
Трамп: «Иранмен ауқымды келісім жасалды»
Трамп пен Зеленский «G7» саммиті аясында кездесті
Израиль министрі Бен-Гвир визадағы қиындықтарға байланысты АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты
Әлемдегі ең бай 500 адамның байлығына бір күнде 336 миллиард доллар қосылды
Ресей: “Киевпен ресми байланыс арнасымыз жоқ”
Иран министрі: “Бейбіт келісімнің алғашқы шарты – Ливандағы атысты тоқтату”
Иран мен АҚШ толық келісімге қол жеткізілгенін хабарлады
АҚШ–Иран жобасы Ормуз бұғазын ашуды көздейді
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі
“Президент Трамп зымыран қорының азаюына байланысты қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездеседі”
Иран президенті: «Біз соғыс жағдайынан шығуымыз керек»
Иран АҚШ-тың әскери нысандарына қарымта шабуыл жасады
Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуы қажет екенін мәлімдеді