ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Бразилия президенттері сөйлесті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Бразилиядағы әріптесімен телефон арқылы сөйлесу барысында Бразилияның Газадағы геноцидке қатысты үнсіз қалмағанын жоғары бағалайтынын айтты.
Түркия мен Бразилия президенттері сөйлесті
Режеп Тайып Ердоған / AA

Президент Режеп Тайып Ердоған Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваға Түркияның Газада бейбітшілік орнатуға бағытталған барлық бастаманы маңызды деп санайтынын жеткізіп, Бразилияның Израильдің Газадағы геноцидіне үнсіз қалмау шешімін құптайтынын білдірді.

Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы сәрсенбі күні Түркияның “Nsosyal” әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде Ердоған мен Лула да Силваның телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты, аймақтық және жаһандық мәселелерді талқылағанын хабарлады.

Ердоған Анкараның Газадағы гуманитарлық апатты тоқтатуға, бейбітшілікті қамтамасыз етуге және Палестина аумақтарын қайта қалпына келтіруге бағытталған жұмысты жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ Түркия президенті екі ел арасындағы қарым-қатынастарды көптеген салада дамыту және ілгерілету жолындағы күш-жігер жалғаса беретінін айтты.

Израиль 2023 жылғы қазан айынан бері аймақта жүргізіп жатқан геноцидтік соғыс барысында 71 мыңнан астам палестиналықты өлтіріп, 171 мыңнан астамын жаралады және Газаның азаматтық инфрақұрылымының шамамен 90 пайызын жойды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Хакан Фидан Газа отырысына қатысады
Іздеу
Ресей: «Украинаның логистикалық орталықтары мен кемелеріне соққы жасадық»
Израиль күштері мен заңсыз қоныстанушылар екі палестиналықты өлтірді
Қырғызстан мен Пәкістан екіжақты сауда көлемін 200 миллион долларға жеткізуді көздейді
Гирне жағалауында апатқа ұшыраған жолаушылар кемесінің қалдықтары табылды
"Грекия қарулы мәртебесі жоқ аралдарды қаруландырудан бас тартуы керек."
"Нашарлап бара жатқан қарым-қатынастар үшін Путиннің Жапонияны кінәлауы қабылданбайды"
АҚШ-тың Иранға жасаған соңғы шабуылдарынан кемінде 18 адамның қаза тапқаны хабарланды
Израиль әскері Батыс Шерияда намаз оқылып жатқан мешітке көзден жас ағызатын газ лақтырған
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Трамп Иранды келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатыр деген айыптауларды теріске шығарды
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 130-ға жетті
Польшада бастауыш мектептерде телефонға тыйым
Синайдағы автобус апатынан 16 адам қаза тапты
«Филенің сұлтандары» Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты