ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Хакан Фидан Газа отырысына қатысады
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Майамиде Катар мен Мысыр өкілдерімен АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың төрағалығымен өтетін келіссөзге қатысады.
Хакан Фидан Газа отырысына қатысады
Хакан Фидан Газа отырысына қатысады / AA

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан жұма күні АҚШ-тың Майами қаласында Газа мәселесі талқыланатын жиынға қатысады.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде «Құрметті министріміз ертең (19 желтоқсан) Майами қаласында АҚШ, Мысыр және Катар өкілдерімен бірге Газа отырысына қатысады. Жиында өзге де өңірлік мәселелер талқыланатын кездесулер өткізіледі», - делінген.

Бұған дейін Ақ Үй өкілі Aнадолы агенттігіне АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Газадағы атысты тоқтату келісімінің келесі кезеңін талқылау үшін Түркия, Катар және Мысыр өкілдерімен кездесетінін хабарлаған болатын.

Бұл кездесу Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен кейін шамамен екі ай өткен соң болмақ. Келісімнің алғашқы кезеңі қақтығыстарды тоқтатуды, Израиль әскерінің ішінара шегінуін, тұтқын алмасуды, сондай-ақ Палестинаға гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтыды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 20 тармақтан тұратын жоспарында көзделген екінші кезең Халықаралық тұрақтандыру күштерін орналастыруды, ХАМАС-ты қарусыздандыруды, Израильдің аймақтан толықтай шығуын және Газаны уақытша басқаратын «технократ» палестиналық комитет құруды қарастырады.

2023 жылдың қазан айынан бері Израиль 70 мыңнан астам адамның қаза табуына және 170 мыңнан астам адамның жарақат алуына себеп болды және атысты тоқтату режимін бірнеше рет бұзды.

Газадағы денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдары салдарынан кемінде 395 палестиналық қаза тауып, 1 088 адам жараланған.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты