ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды»
Нуман Куртулмуш: «Міндеттер орындалған кезде нағыз бейбітшілікке қол жеткізіледі», - деді.
«Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды»
«Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі өте маңызды» / AA

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігі аса маңызды екенін атап өтті.

Куртулмуш сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде, басқару жүйесі қоғамның барлық топтарын қамтитын әділ және демократиялық Сирия аймақтың кепілі болатынын айтты.

Ол Сирия үкіметі мен YPG террористік ұйымы арасында 2025 жылдың 10 наурызында қол қойылған меморандум мен 30 қаңтардағы келісімнің ережелерін толық орындау Сирия мен аймаққа тұрақтылық әкелетінін айтып, «Міндеттемелер орындалғанда нағыз бейбітшілік орнайды»,- деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді

Қол жеткізілген уағдаластықтың әскери және әкімшілік тұрғыдан кезең-кезеңімен интеграцияны көздеуі аймақтық бейбітшілік үшін маңызды мүмкіндік екенін атап өткен Куртулмуш бұл бірігу Сирияның мемлекеттік әлеуетін арттырып, жаңа қауіпсіздік архитектурасына жол ашатынын жеткізді.

Сондай-ақ ол ешбір тұлғаның сенімі мен көзқарасы шеттетілмей, әрбір сириялық азаматтың саяси жүйеде қауіпсіз орны қамтамасыз етілуі тиіс екенін баса айтты. Бөліну, ыдырау, араағайындық құрылымдар мен бөлінулердің ешкімге пайда әкелмейтінін ескертті.

Мәжіліс төрағасы Куртулмуш «Сирия ˗ сириялықтардың елі», - деді. Сондай-ақ Түркияның Сирияны қайта қалпына келтіруде, оның мемлекеттік құрылымдарын нығайтуда, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және терроризммен күресте барынша қолдау көрсетуге дайын екенін тағы да айтты.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді